Павлодар: "Сөгіс алған әкім кетті. Жаңа әкім келді"

10.07.2019, 15:49

336

Қайрат НҮКЕНОВ Павлодар облыс орталығының әкімі лауазымына тағайындалды. Қашанда сынға ілігіп жүретін 35 жастағы Әнуар КҮМПЕКЕЕВ ақыры орнынан кетті. Бұл туралы Жас АЛАШ  сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.
Айта кетейік,  3 шілдеде Павлодар облысы әкімі Болат БАҚАУОВ Павлодардың экс-әкімі Әнуар КҮМПЕКЕЕВКЕ қатаң сөгіс жариялаған еді. Оның әкімдікке құны 6 миллион теңге болатын жиһаз сатып алғаны айтылған болатын. Сондай-ақ, Әнуар Күмпекеев 2018 жылы 49 миллион теңгеге қызметтік пәтер алғаны үшін сөгіс алған. Нақтырақ айтсақ, бюджеттің қаржысына кең сарайдай баспана сатып алған.Әкімнің аумағы – 230 шаршы метр болатын екі қабатты пентхаусы жайлы журналисттер көп жазып, ол жергілікті халықтыңнаразылығын тудырған еді. Бұдан кейін, шаһар билігі райынан қайтып, қымбат үйді жетім балаларға арналған жеті пәтерге алмастырған болатын.

Облыс орталығының жаңа әкімі Қайрат Нүкенов 1970 жылы туған. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген. Бұған дейін Екібастұз, Ақсу қалаларының әкімі және Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары  қызметін атқарды.

Коллаж:  zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11