Павлодарда 31 миллионға алынған шырша жағылады

19.12.2018, 23:13

106

Бүгін Павлодар қаласы облыстың бас шыршасын салтанатты түрде жағады. Кешкі 19-00 де өтетін шараға Аяз Ата мен Ақшақарды әлі ерте болса да шақыртып қойыпты. Ол аз десеңіз мультипликациалық кейіпкерлер келіп кештің көркін тіптен қыздыра түспек.  Бүгін сағат 19:00-де орталық алаңға шаһар тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Жаңа жылдық шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық, - дейді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл шырша 2013 жылы қаланы Оразгелді ҚАЙЫРГЕЛДИНОВ басқарып тұрғанда 31 миллионға сатып алынған болатын. Ресейден келген бұл қымбат шырша бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Сол кезде қоғам тарапынан наразылық туып, тіпті қаржы полициясы тексеру жұмыстарын жүргізген. Шулы шыршаны орнатамыз деп екі адам мертігіп қалған еді.Айтпақшы, биыл жаңа жыл мерекесіне қаланы безендіру үшін бюджеттен 41 миллион теңге бөлінген. Бес жыл бұрын алынған қымбат шыршаны монтаждау үшін 10 миллион 976 мың теңге кеткен. Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02