Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды

Сайт әкімшілігі

20.09.2021, 09:51

625

Павлодарда сабаққа киіп келген киімі үшін алтыншы сынып оқушысын қорлаған мектеп директоры жазаланды, — деп хабарлайды  «Жас Алаш»  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі мәліметінше, оқушылар алдында алтыншы сынып оқушысын джинсы кигені үшін қорлаған мектеп директоры сөгіс алған.

"Іс аяқталды. Барлық тарап тыңдалды. Ішкі тергеу нәтижесі бойынша мектеп директорына сөгіс жарияланды", — деді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар білім басқармасы өкілдері.

Бұл жерде мектеп оқушысының анасының мектеп директорына ешқандай шағымы жоқ екені айтылды.

«Баланың анасының айтуынша, бұрынғы күйеуінің әлеуметтік желілерде айтқан әңгімесі асыра айтылған. Негізінде баланың жылап, келгені жалған. Баланың анасы білім бөлімінің басшысында болды, сол кезде бәрі анықталды. Ол қызының жағдайы жақсы екенін айтты», — деді Павлодар қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін мұғалімнің оқушы қыздың ата-анасынан кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

Тегтер: мектеп мәселе ұстаз басшылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31