Павлодарда өрттен зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр

Сайт әкімшілігі

23.11.2022, 12:39

719

Павлодарда тұрғын үйдже өрт шығып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көрші пәтердегі түтінді Ломов көшесі, 150 үйдің тұрғындары байқаған. «112» пультіне шақыру сағат 22:58-де түсті. Оқиға орнына он бірлік техника мен өртке қарсы қызметтің 34 қызметкері, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқарушылары жіберілді.  

Өрт төрт қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде болғаны анықталды. Өрт жалпы аумағы 45 шаршы метр жерді шарпыған. Үйдегі заттар мен жиһаздар жанған. Бригада келгенге дейін он адам үйден баспалдақ арқылы шығып үлгерген. 

«Өрт сөндірушілер арнайы сатының көмегімен екі адамды, оның ішінде баланы да құтқарды. Сондай-ақ, баспалдақпен үш адам шығарылды. Олардың екеуі бала», – дейді баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай үш адам өрттен зардап шеккен. Әр түрлі дене күйіктерін алған ерлі-зайыптылар, олар №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, тағы бір ер адамға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетілді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 қараша күні түнде шамамен сағат 23:00-де түскен екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.

«1986 жылғы ер адамның мойны мен денесін, тыныс алу жолдарын екінші-үшінші дәрежелі күйік шалған. Денесінің 63 пайызы зақымдалған. Шок алған. 1995 жылғы әйелдің беті мен денесін бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік шалған», — дейді басқармада. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Тегтер: өрт тілсіз жау мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43