Павлодарда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 870 адам сотталды

Мәриям Мақсат

11.01.2022, 16:15

1161

5 қаңтар күні Павлодар облысы әкімдігі әкімдік ғимаратының алдында санцияланбаған митинг өтті. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, соның кезінде облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бұзылды. Сонымен бірге, бейбіт жиындар, митингтер, шереуіл, пикеттер мен шерулер ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптары сақталған жоқ деп хабарлады.

Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімовтің айтуынша, полицейлер 870 тәртіп бұзушыны ұстап, полиция бөлімдеріне жеткізді. Олардың әрқайсысына қатысты Әкімшілік Кодекстің 488-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, 4 шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБК 488-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Барлық материалдарды судьялар қарады.

— Нәтижесінде сот қаулысымен 220 тәртіп бұзушыға 15 тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік қамау түрінде жаза қолданды. Барлық қамауға алынғандар Павлодар қаласының арнайы мекемелеріне қамалды. 288 тәртіп бұзушының әрқайсысына 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды, шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды, — деп хабарлады Нұрлан Мәсімов.

Сонымен бірге полиция бейнежазбаларды зерделеуде. Митинг кезінде белсенділік танытқан азаматтар бейнежазбада болса, оларға қатысты да шаралар қолданылады.

Айта кетейік, соңғы тәулік ішінде Павлодар қаласының аумағында қойылған екі блок-бекет арқылы барлығы 6213 автокөлік пен 10 166 азамат өтті. Жүріп-тұруға рұқсат болмағандықтан, 39 автокөлік мен 88 азаматқа кіру мен шығуға тыйым салынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38