Павлодарда шенеуніктердің әке-шешесіне тиесілі үйлер өртенді

22.08.2018, 22:27

85

21-тамыз күні кешкі уақытта шаһардағы Гагарин-Уәлиханов көшелерінің қиылысында өрт шыққан.Куәгерлердің сөзіне сенсек, жалын салынып жатқан үйден тұтанған екен. Бұдан соң көрші тұрған екінші үйге көшіп, оларды лезде күлге айналдырған. Осылайша 160 шаршы метр аумақтың сау тамтығы қалмапты.-Өрт туралы хабар сағат 17:58-те түскен. Өрт сөндірушілер онда 18:01-де жеткен. Апат орнында ТЖД алты бірдейтехникасы мен 21маман жұмыс істеді. Осылайша жалын сағат 18:49-да ауыздықталып, 19:55-те толығымен жойылды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр,-дейді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары.  Ал бейресми ақпараттарға сүйенсек, отқа оранған бұл үйлер бүгінде облыстық әкімдікте қызметте жүрген атқамінердің әке-шешесіне тиесілі көрінеді. Әйтеуір құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Осы маңда тұратын тұрғындар болса, өрт сөндірушілер біраз ертерек келгенде үйлердің бірін сақтап қалу мүмкін болар еді дейді. Бірақ, үйдің нақты қай шенеунікке тиесілі екені жөнінде тіс жармады.Фотолар: facebook.comМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56