Павлодардағы пәтерден қымбат дәретхана қатып қалды

16.01.2019, 18:59

416

Шаһардың қақ ортасында орналасқан қоғамдық дәретхананың бүгінде сұрқы әбден қашқан. Қалалық әкімдіктің шешімімен 5 миллион теңгеге тұрғызылған нысанды вандалдар бүлдіріп кеткен. Бұған дейін дәретхана ішіне жылу беріліп,  суық және ыстық су да тартылған еді. Ал ондағы күзетші кетісімен вандалдар есіктердің құлпын бұзып, іште ойларына келгенді жасаған. Қазір мұнда құбырлар қатып қалған, жарық та жоқ. Бұзақылар жылытқыш құрылғысын да қолды қылған. Анықтылғандай, нысан бюрократиялық рәсімдердің кесірінен уақытша қараусыз қалып қойыпты. — Алдағы уақытта қызмет көрсету үшін коммуналдық кәсіпорынға берілу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Павлодар қаласында үш модульді және бес стационарлы әжетхана бар. Модульді дәретханалар вандализм дәйектері кесірінен апаттық жағдайға түскен, — дейді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман ҚҰСАЙЫНОВ.Естеріңізге сала кетейік, құны 5 миллион теңгеге жуықтаған әжетхана 2016 жылдың қарашасында Павлодардың орталығында пайда болған еді. Дәретханаға бюджеттен сонша ақша бөлінгені сол кезде-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының наразылыған тудырған болатын. Бұл сомаға облыс ортағында бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады, ал баспана қала шетінде болған жағдайда, тіпті екі бөлмелі пәтер алуға да болатын еді. — Қазынаның бақандай 5 миллион теңгесі кетті осы дәретхана үшін. Қомақты ақшаға салынған нысанғы бір күзетші таппағандары бос сөз. Бұл барып тұрған басссыздық. Енді дәретхананы қайта жөндеу үшін тағы бюджеттен миллиондап ақша бөлсе, таң қалмаймыз, — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Алтын ҚУАНЫШЕВА. — Тура қалалық әкімдіктің алдында тұрған нысан ғой. Неге қараусыз қалдырған? Енді бәрін вандалдар құртты деп өздеріне шаң жуытар емес. Қараусыз қалған нысанға бұзақылардың кіретіні айдан анық қой. Соған бастары жетпеді ме? — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Айжан ЖҮНІСОВА.Осылай деген тұрғындардың бұл жайтқа жол берген шаһар басшыларына өкпесі қара қазандай. Атқамінерлер болса, 3 жыл бұрын салынған қымбат әжетхананың есесі қайтады деп үміттенген екен. Бұл үшін дәретханаға кіру құнын – 20 теңгеге бекіткен де еді.Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ 15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ 13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН 07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00