Педагогтардың тестін базарға теңеген ұстаздың ісі сотта қаралмақ

23.11.2018, 22:14

30

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тестілеу орталығының Түркістан облыстық филиалы Сайрам ауданы Арыс ауылындағы Т.Рүстемов атындағы №2 мектеп-гимназияның мұғалімі Айсұлу ӘШІРБАЕВАНЫҢ үстінен Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы аудандық сотына шағым түсіріпті.  2018 жылдың 9 қарашасы күні Жас Алаш сайтына жоғарғы санаттағы ұстаз Айсұлу Әшірбаеваның министр Ерлан САҒАДИЕВ пен облыс басшысы Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВҚА бағытталған Түркістан облысындағы «тест базары» атты хаты жарияланған болатын. Хатта мұғалім 3-қараша күні Шымкентте өткен педагогтарға арналған ұлттық біліктілік тесттен көргенін баяндаған.«Баяғыда біреу: «Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?» деген екен. Сол айтпақшы, тест тапсырам деп, көрмегенді көрдім. Есітпегенді есіттім. Бақылаушыларды оңашалап, қағаберіс қалтарыста берсе құп, көзбе-көз, аудиторияда тізім жазылып, ақша саналып, кәдімгі базар басталды. Базардағы саудада сатушы мен алымсақ: «Бұл қанша? Нешеге бересің?» – деп қысқа жауаптаспай ма? Мұғалімдерді ұлттық тестілеу барысында да дәл солай болды. Сізге  өтірік, маған  шын, отырған «педагог-модератор» 25 000 (жиырма бес мың теңге); «педагог-сарапшы» 40 000 (қырық мың теңге); «педагог-зерттеуші» 70 000 (жетпіс мың теңге), «педагог-шебер» 100-130 000 (жүз-жүз отыз мың) теңгеден беріп жатты.  Бұл көріністердің бәрін «шырт» еткізіп, түсіріп алуға әттең мүмкіндігім болмады. Бақылау – сіздердің құзырыңызда. Аудиторияға бір қарасаңыздар, мен куә болған оқиғаларды тамашалайтын едіңіздер. Шала сауатты мұғалімдердің басым бөлігі көздері алақтап, қойын-қоныштарынан ақшаны суырып алып беріп жатты. Ал бақылаушылар ақша санап, тізімді толықтырумен әлектенді», — делінген хатта. Білім саласындағы заңсыздық, мұғалімдердің өз қызметінен тыс шаруаларға жегілуі қоғамда жиі талқыланатын тақырып. Айсұлу Әшірбаеваның осы бір хатын сайтымызда алты мыңға жуық адамның оқып, facebook.com ресми парақшамызда қызу талқылануы көп нәрсені аңғартса керек.Араға екі-үш күн салып Білім және ғылым министрлігі редакциямызға хабарласып жазбаша жауап қатқан еді. 13 қараша күні ведомстваның баспасөз қызметінің жауабы «Түркістанда тест базары болған жоқ» деген атпен шыққан.«Өз хатында А.Әшірбаева Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан тестілеу пунктінде «педагог-модератор» 25 мың теңге, «педагог-сарапшы» 40 мың теңге, «педагог-зерттеуші» 70 мың теңге, «педагог-шебер» біліктілік санаттары 100-130 мың теңгеден саудаланғандығын ашық айтады. Жарияланған аталмыш мақала фактісі бойынша ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу орталығының Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы филиалының қызметкерлері Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотына талап арыз берген. Талап-арызда мұғалім мәртебесін түсіретін аталмыш жалған ақпаратқа тойтарыс беріліп, бұл тестілеуден өте алмаған адамның жала жабуы делінген», — дейді министрлік ресми жауабында.Қос тарапқада өз мінберін ұсынған Жас Алаш Түркістандағы тесттілеу орталығы мәселесіне қатысты жариялымдарды тоқтатқан еді. Әрине, біз реформашыл һәм қашанда білім саласында дамыған елдердің оқыту жүйесін үлгі ететін жаңашыл шененуінктің осы мәселеге қатысты өзінің жауабын күткен едік. Ресми мекемелерден жауап алу қиындаған тұста баспасөз қызметіндегі әріптестерміздің жауабына да риза болдық.Алайда, министрлік бұл бір ғана жауаппен шектелмепті. Минисрліктің Ұлттық тестілеу орталығының Түркістандағы филиалы өздері жалақор деп тапқан ұстазды сотқа берген. Оны Сағадиев мырзаның баспасөз хатшысы Әйгерім ӘЛІБЕКОВАНЫҢ бізге жіберген хатынан білдік.№2 Т.Рүстемов атындағы мектеп-гимназияның директоры Фахриддин САГИНБЕКОВ бастаған он сегіз мұғалім әріптестері Айсұлу Әшірбаеваға араша түсіп кешірім сұрайды.«Сізден тағы да кешірім сұрай отырып ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы филиалының қызметкерлері берген талап арыздың Шымкент әл-Фараби аудандық сотынан қайта алынуына ықпал етуіңізді өтінеміз. Айсұлу Әшірбаеваның қателігіне үлкен кешірімділік танытып,әрі қарай жас ұстазға абыроймен педагогикалық қызметін жалғастыруға үміт беруіңізді өтінеміз», — делінген.Айтпақшы, Білім министрлігіндегі баспасөз қызметінің мамандары да бізден осы хатты жариялауды бірнеше мәрте өтінген еді. Олар қарапайым ұстаздың істі болып кеткеніне алаңдайтындарын айтады.Осыған орай Жас Алаш тілшісі Айсұлуға хабарласты. Мұғалім мектеп әкімшілігі тарапынан ешқандайда қысым жоқтығын айтады. Өзіне қатысты сотқа шағым түскеніне бейхабар екен.«Тестілеу орталығындағылар бұл іске мұғалімдерді араластырмай, өздері жауап берсін. Әңгімені басқа арнаға бұрмай, мұғалімнің құқығының тапталуына, тестті көрсетілген уақыттай бастамай 4-5 сағат кеш басталғанына, менің апелляциялық шағымымның неге қабылдамағанын айтсын. Маған араша түсудің қажеті жоқ. Мен министрліктен әлі де нақты жауап күтіп отырмын. Мен де сотқа тестілеу орталығының үстінен шағым түсіруге дайынмын», — деді Жас Алаштілшісіне Айсұлу Әшірбаева. Жалпы соңғы кездері ұстаздарды сотқа тарту тенденциясы пайда болған. Естеріңізде болса, Алматы облысныдағы ұстаз Айман САҒИДУЛЛАЕВАНЫҢ және Шымкент қаласындағы Гүлжан СӘЛІМБАЕВАНЫҢ үстінен өткен сот процесстері қоғамдық резонанс тудырған еді. Әрине, қиырдағы Арыс ауылындағы қарапайым ұстаздың ісін сотта қарап үкім шығару қиындық тудырмас. Дегенмен, тесттілеуде шын мәнінде базар болмағанын қоғам алдында ашық дәлелдеп, күдікті сейілту басты мәселе емес пе?!Фото: nv.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:16
ПТР тест тапсыру бағасы арзандады
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:52
Коронавирус бойынша ең көп өсім тіркелген өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:34
Жер астероидпен соқтығысуы мүмкін

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30