Педофилдің руын да әлемге жария ету керек

21.11.2019, 18:04

165

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек ИМАШЕВпрезидентке АШЫҚ ХАТ жазды. Бұл жөнінде ол өзінің instagramпарақшасында мәлімдеді.

«Екі-үш күннен бері пост жазам деп жүр ем. Мәселе де, тақырып такөп. Бірақ, жүрегімді ауыртқан Тараздағы жантүршігерлік оқиға...

Президент өз қызметіне кіріскеннен-ақ педофилияға қатысты жазаны қатайтудытапсырған болатын. Біздің «халық қалаулылары» осы мәселе бойыншазаңға өзгеріс енгізуді қашан қолға алар екен?

Сабақ уақытында, мектеп ауласында ұл-қыздарымызға зорлық жасалып жатуы не дегенмасқара?
Мектеп директоры, мұғалім, тағы бірнеше адамның жұмыстан шығып, сөгіс алып,тағы басқа жазаға тартылуымен немесе даладағы дәретхананы мектеп ішінекөшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасынатүскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып,тұнығымыз лайланды ғой. Көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болдығой.

Аса құрметті Президент мырза!

Мәртебелі министрлер мен депутаттар!

Басқа кезде пәрменді Бас Прокурор мен Жоғары Сот!

1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған (ұрып-соғу,құлдыққа жегу, зорлық-зомбылық жасау, өлтіру т.б) қылмыскерлерге жазаныкүшейтуді, өмірлік бас бостандығынан айыруды өлім жазасына ауыстырудықарастырыңыздар.

2. Қылмыскердің аты-жөнін, суретін, руы мен тегін түгел жариялап, айдай әлемгежария ету керек. Ол қылмыскерге еш аяушылық болмау керек. Керісінше жапашеккендердің аты-жөнін жасыру, жарияламау, құпия сақтау қажет.
3. Қылмыстық істі ашық жүргізу. БАҚ құралдары халыққа әр қылмыстық істің қалайаяқталғаны жөнінде толық әрі ашық хабардар етіп отыруы тиіс. Кәмететкетолмағандарға қатысты әрбір қылмыстық іс жіті қадағалауында болуы тиіс.

Әрқайсымыз ұл-қыз өсіріп отырмыз. Алла басқа салмасын! Жапашеккендердің орнында кез-келгеніміздің қызымыз, қарындасымыз, немереміз болуымүмкін ғой.

Кім кінәлі? Бізге салса үзілісте көпшілікпен бірге бармай, сабақуақытында сұранып әжетханаға жалғыз барған қыздың өзін кінәлі қылуымыз мүмкін.Ақиқатында бәріміз кінәліміз. Қылмыс қандай қоғамда орын алады? Төресіәділетсіз, қарашасы имансыз, заңы әлсіз, биі парақор, сақшысы жігерсіз,әйелдері арсыз, еркегі намыссыз елде орын алады.

ТАРАЗ оқиғасынан соң әрқайсымыз өзімізді ТАРАЗЫ-ға тартыпкөрейік. Әйтпесе, Есеп күнінде Алланың Әділетті ТАРАЗЫ-сы бар!», — деп жазды ақын.

Фото әлеуметтік желіден

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ермек Мұқанғалиев 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?
Сайт әкімшілігі 09:30
Қаңтар оқиғасымен айналысатын тағы бір қоғамдық комиссия құрылмақ
Сайт әкімшілігі 24.01.2022, 10:16
Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді
Сайт әкімшілігі 24.01.2022, 09:50
Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды
Қуаныш Әбілдәқызы 23.01.2022, 16:09
Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:49
LRT-ның болашағы не болады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48