Пейіш пен Тозақ қайда орналасқан?

01.05.2019, 01:44

11

Алдағы президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлаукомиссиясына өтініш берген үміткерлердің бір де бірінің халықтың әл-ауқатынжақсартып, әділетті әрі бақытты қоғам құру жөніндегі нақты бағдарламасы жоқ.Үміткерлер әбден таптаурын болған жалаң патриоттық ұран көтеріп жөңкіліпбарады.  Қазақстан үшін дәл қазір еңөзекті болып тұрған экология проблемасы да бұл саяси науқанның күн тәртібінеенбеді. Соңғы жылдары экология мәселесін талмай айтып, нақты іспен шұғылданыпжүрген Азаматхан ӘМІРТАЙ өзі жетекшілік ететін «Байтақ болашақ»экоальянсы тарапынан президенттіктен үміткер ретінде ұсынылмады,экоальянстың  проблемаларды шешу жолдарыкөрсетілген ауқымды бағдарламасы да, қоғамды демократияландыруға бастайтынсаяси реформалық тезистері де қоғам назарынан тыс қалды. Жас экологтың экономика-қаржы саласын реформалау менәлеуметтік проблемаларды (оның ішінде көпбалалы аналардың мұқтаждығын) қалайшешу және қоғамды ішінен ірітіп бара жатқан коррупцияға қалай тосқауыл қоюжөніндегі зерек ойын да халық  естімеді.Бәрі пайдасы жоқ, түкке тұрғысыз, босқа күшенген жалаң  ұранды ұлтшыл дабыраның  жетегінде кетті. Бұл қоғамдық сананың әбденадасып, мақсат-мүддесінен жаңылғанын байқатса керек.

Қоғамдық сананың дұрыс бағыт алуы ұлттың танымынқалыптастыратын философиямен байланысты. Бұл процесс  қазақ қоғамдық санасына ғасырлар бойы дінарқылы сіңісіп келеді. Исламның өзегі болып келген Құранды жолшыбай дүмшедінкештердің әдейі бұрмалап тәпсірлеуі мен соған сәйкестендірілген діниидеология халықты әбден шатастырып тастаған сияқты. Сол қоғамдық сананың дұрысбағыт алуына кедергі болып отыр. Осындай жағдайда Ибрагим пайғамбар арқылыбастау алған бірқұдайшыл діндердегі Пейіш (Жәннәт) пен Тозақ (Жаһанам) ұғымдарынкеңістік пен уақыт тезінде ғана емес, ақыл-таразымен десалмақтап-саралаудың  қажеттілігімаңызды.

Киелі кітаптарда жан-жақты сипатталған Пейіш пен Тозақұғымы адамдардың ақылына сиымды нәрсе. Сондықтан оны әлдебір жақтағы (дінкештертәпсірлейтіндей «О дүние жеті қат аспанның алтыншы деңгейінде» деп) жер депнемесе ақырзаманнан кейінгі қиямет күні жасақталатын арнайы орын депқарастырудың қажеті жоқ. «Жәннәт» сөзі аудармасының жанға жайлы, сулы-нулы,экологиясы үйлесім тапқан бау-бақша (Бақ) ұғымына сәйкес келу де бұл орынныңадамдар өмір сүріп жатқан «жасыл планетада» (Жер) екенін меңзейді.

Пейіштің адамдар өмір сүріп жатқан осы өмірде (Жерде)екенін Құдайдың киелі кітаптарында сөз болуы да дәлел. Себебі Құдайдыңадамдарға жасаған ең үлкен сыйы – ақыл. Құдайдың жол көрсеткен Сөзі адамақылына сыймайтын ұғым болғанда, онда Пейіш пен Тозақ жөніндегі түсінік Құрандада, басқа Киелі кітаптарда да айтылмаған болар еді. Олай болса, адамдардың көзімен оның басқа да сезім мүшелеріне Пейіш қалай сезіледі? Мәселен, адамдарөздері өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазалығына жіті көңіл бөліп,экология балансын сақтаса, таза ауамен демалып, таза су ішеді және т.б.  Дені саудың жаны да сау, ондай ортада жүргенадам рахатқа кенеліп өмір сүреді. Бұған мейірім, махаббат, гуманизм менәділдікті қосып, жауыздық пен әділетсіздікті түп тамырымен жойып, барлықжамандықты тудыратын нәпсіні тежеп, ысырапшылдық пен даңғойлықты тоқтата алсақ,сонда Пейіш секілді орта құралмай ма?!

Адамдар қауымдасып өмір сүрген соң, билік пен еңбекбөлінісінің әділдігі қажет-ақ. Мұны қамтамасыз ететін -  ашық қоғам мен демократиялық әділ сайлау.Қоғамдағы барлық проблеманы шешудің жолы либерализм идеясының аясында ғанажүзеге асатыны адамзат тарихында дәлелін тапты. Оның үлгісін демократиялық батысЕуропа елдері мен АҚШ сияқты алып державаның қоғамдық өмірінен көріп отырмыз.Мұнда заң алдында барлық адамдардың дәрежесі бірдей, бәрінің құқықтарықорғалған. Жалпы алғанда халықтың тұрмысы жақсы, әлеуметтік жағынан азқорғалған топтарға мемлекет көмек беріп, қолдау көрсетеді, білім беру,денсаулық сақтау саласы дамыған, кәсіп ашып, табыс табуға кедергі жоқ және т.б.жақсылықтың түгелге жуығы бар. Экология мәселесі адам денсаулығы мен оныңәл-ауқатына тікелей қатысты болғандықтан, дамыған батыс елдерінде «жасылдар»идеясы ешқашан саясаттың күн тәртібінен түскен емес, экономика мен өндірістіэкологиялық талаптарға сәйкес дамыту мемлекеттік саясаттың  өзегі болып отыр.

Егер жеке дара адам, жалпылама алғанда қауым, тойымсызнәпсінің жетегінде кетіп, ысырапшылдыққа даңғыл жол ашып, қоғамды коррупция менәділетсіздік  жаулап, қылмыс пенжауыздықты өршітіп алса, онда ол ортаның сипаты дін философиясында сипатталғанТозақ ұғымына сәйкеседі, халық тұрмыс тауқыметін тартып қатты қиналады,ауру-сырқау, жетім-жесір көбейеді, жұрттың бәрі бұзылған экологияның зардабынтартады.

Діндегі Тозақ ұғымы «жалын», «күйдіру», «түтінментұншықтыру» «күл қылып жіберу» сияқты «отқа» (Жаһаннам) қатысты түсініктен тарамдайды. Егер Жаһаннамдытабиғатқа қатыстырып айтсақ, ол  «жап-жасыл»экологиялық үйлесімін тапқан органикалық тіршілік ортасына (орнына) – Баққа(Жәннәт) қарсы процесс. Мысалы, Совет Одағы арзан энергияға қарқ боламыз дегенүмітпен атом күшін пайдаланбақшы болып, ақырында Чернобыль апаты болды. Қазірол аймақта тұру мүмкін емес, радиоактивті сәуленің күйігі шалған мыңдаған адамәлі күнге азап шегіп қиналып жүр. Қолдан жасалған Арал экологиялық апатыныңзардабы да осыған ұқсас мәселе. Әрине, осы тәріздес апаттарды әлдебірмемлекеттің қате жүргізген өндірісітік-экономикалық саясатының салдары депақтала сөз қозғауға болатын шығар. Бірақ әдейі миллиондаған адамдарды отқаруменөлтіріп, геноцид жасау пиғылымен әдейі ашаршылық ұйымдастырып, саяси репрессияжасап, қан қақсатып, қасіретке ұшыратып, қайғы жұттырып, тозақы өмір кештіргенШыңғыс хан, Гитлер, Сталин, Пол-Пот және басқа да зұлым тирандардың ісін қалайақтап аламыз?!  Қазір де солар сияқтыбилікқұмар тирандар жеке бас нәпсісінің құлы болып, нәпсісін тойдыра алмайқаншама халықтың обалын арқалап отыр, қаншама халық қолдан жасалған экологиялықапаттың зардабынан өкпесі күйіп, жүрегі сыздайтын неше турлі ауруға шалдығып,өліп жатыр. Мұның бәрі дінде сипатталғандай Тозақтан шығатын ащы қиналыстыңүніне қатты ұқсайды.

Құдай әу бастан адамдар үшін «жасыл планетаны» жұмақ етіпжаратқанынан Жердің бүткіл сипаты хабар беріп тұрғандай. Осы тұрғыданқарасақ,  «нәпсіге ерік беріпқойған»  Адам Ата мен Хауа ананың«Жәннәттан қуылуы» Құдайдың адамзатқа берген ескерту секілді көрінеді. Яғниадамзат өзі өмір сүріп жатқан ортасын (Жер шарын, мемлекеттік тар аяданқарасақ,  ел аумағында) Пейіш жасайалады, Тозақ та жасай алады. Бұл адамдардың иманы мен ерік-жігеріне қатыстышаруа. Сондықтан Пейіш пен Тозақ түсінігі категорияларын сөз еткенде Шайтан менПеріштені орағыта айналып өтіп кете алмаймыз.

Егер бүткіл ғаламның Жаратушысына иман келтірудің, Оныңадамзатқа  сілтеген жолын танып-білудіңқұралы Ақыл екенін ескерсек, онда Шайтан мен Періште дінкештер сипаттапжүргендей «мүйізі бар, көзі отты» әлдебір мақұлық пен «үлпілдеген жұмсақ қанатынқағып ұшып жүретін» бірдеңе емес, «жаман ой» (пиғыл — Шайтан) мен «жақсы ой»(пейіл — Періште) ғана. Олар үнемі Ақылды төңіректеп жүреді. Ақылды жаман ойшырмаса, тозақы әрекеттер етек алады, бұл қауымдық сипат алғанда сол қауымтіршілік еткен аумақ Тозаққа айналды. Жаман ісі үшін адамдарды «тозақ отынашыжғырып жазалау» деген түсінік те осы. Яғни, Құдай ақиқат жолынан айнығандардыолардың өздерінің қолымен жазалайды. Ақиқатты басшылыққа  алғандар жәннәті  өмір сүреді, Құдай адамдарды олардың өзі жасағанадал ісі мен ізгі амалы арқылы марапаттайды, жанын рахатқа бөлеп жай тапқызады.

Әдетте қауымның санасын құлдықта ұстағысы келетін дүмшедінкештер адамдарды жайлы әрі бақытты өмір сүрудің әдіс-тәсілдері жөніндегіойдан алшақтатқысы келіп тұрады. Олар «Бұ өмірдің қиындығына құлша басын иіпкөндігіп, шыдас берген пенде О дүниеде пейіштік болады, ал жемқор, халықтықанап жүрген арам адамды тозақ күтіп тұр» деген сыңайда жұбатпа уағыз айтады.Ақиқатында мұндай уағыз арамзалықтан басқа ештеңе емес.

Ұлы Жартушыға телінген есімдердің қатарында адами түсінікаясында дәріптелген құндылықтардың бәрі бар. Құдай еркіндік, әділеттілік,ақиқат, мейірімділік, ынсап секілді жақсы қасиеттерді Киелі кітаптар арқылынасихаттады, ал адамның өмірі мен бостандығына қайшы әрекет жасауына тыйымсалды, үнемі пайғамбарлар арқылы ақиқат жолына түсуге шақырып келеді. Бұдан ұлыЖаратушының адамдарға таңдау бергенін, дүмше дінкештер үнемі қайталап уағыздайберетін «жазмыштың» Құдайға емес, адамдардың іс-әрекетіне тікелей қатыстылығы жөніндеой қорытамыз.

Тұрарбек Құсайынов, «Демос'» ҚБ төрағасы

Фото: vk.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39