Перуашев Әбілқасымованы сыйлаймын деді

11.02.2019, 21:36

122

«Ақ жол» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина ӘБІЛҚАСЫМОВАНЫҢ отставкасына қатысты пікір білдіріпті. Бұл туралы sputniknews.kz сайты жазады.Пропрезиденттік партияның жетекшісінің пікірінше халықтың министр ханымға қандай да бір талап қоюға құқылы. Оның министр ретінде әлеуметтік салаға жауапты екенін айтқан. Алайда, Перуашев мырза Әбілқасымова ханымды құрметтейтінін де sputniknews.kz тілшісіне айтуды ұмытпапты."Әрбір шенеунік өз жұмысы үшін жауапкершіліктен бас тартпауы керек. Әбілқасымова (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ… Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек", — деді мәжілісмен.Астанадағы 4-ақпан күнгі трагедиядан кейін көп балалы аналар Мәдина ЕРАСЫЛҚЫЗЫҢ қызметтен кетуін талап еткен болатын. Перуашевтың айтуынша, отставкаға Ішкі істер министрілігіне қарасты төтенше жағдайлар комитетін жіберу керек екен."Өртке қатысты айтар болсақ, бұл төтенше жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі. Отставка туралы сөз қозғасақ, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы", — деді депутат.Коллаж: zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44