14.09.2020, 11:47
345
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерді.
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады.
«Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін», — деді комитеттегілер.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР