12.12.2020, 11:32
1157
2020 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты тағы 138 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия хабарлады.
«Өкінішке қарай, коронавирус пневмониясымен ауырып жатқан науқастардың ішінде 1 адам көз жұмды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде 82 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.
Айта кетсек, 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған науқастар саны 43 773 адамға жетті. Өлім жағдайлары – 463. Барлығы 31 364 адам сауығып шықты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР