Полиция департаментімен соттасқан сержант үйлі болды

19.03.2019, 04:46

5

Ақтөбедегі 2016 жылдың 5 шілдесі күні болған террорлық актіде жарақат алған бұрынғы полиция сержанты Әлібек ЖЕТІҒАРИН баспаналы болды. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Жиырма бес жастағы полицей «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл болғанда бірінші болып оқиға орнына жеткендердің бірі. Сол кезде оң иығынан оқ тиіп, жарақат алады. Баурына да зақым алады. Алайда, 2018 жылы оны еңбекке жарамсыз деп жұмыстан шығарып жібереді. Өзіне тиесілі әлеуметтік көмекті алу үшін сержант сотқа жүгінуге мәжбүр болған.«Шұғыл шақырту түсіп, дереу қару-жарақ дүкеніне жеттік. Біз келгенде қаруланған бір топ жігіт шығып келе жатыр екен. Жарақат алғаннаннан бері арада 3 жыл өтті. Денсаулығым әлі дұрыс емес. Емделумен жүрмін. Мүгедектік алғаныммен, жас отбасымыз. Қара басымда баспана болмады, әке-шешеммен бірге тұрдым. Келіншегім екіншімізге аяғы ауыр. Ешкімге керегім болмай қалған соң, өкпем болды. Өзім қызмет еткен полиция департаментінде әрі қарай еңбек етіп, мансабым көтерілер деп ойлағанмын. Бірақ, олай болмады. Мүгедектігімді алға тартып, жұмыстан шығарып жіберді. Кейін сот арқылы мәселем шешілді»,- дейді Әлібек Жетіғарин.Әлібек Жетіғаринді бүгін облыстық полция департаментінің басшысы Махамбет ӘБИСАТОВ жеке қабылдады. «Әлібек Жетіғариннің жұмыстан босатылғаны туралы маған дер кезінде ешкім хабарлаған жоқ. Мен ол кезде еңбек демалысында болатынмын. Кейін арнайы тексерістен соң, осыған жауапты екі адам жұмыстан босатылды.Әлібектің бұл салаға сіңірген еңбегі зор. Полиция  сапында  қызмет еткен жылдары 6 мәрте марапатталған.  Ал теракт кезінде  көрсеткен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бәрің үлгі алыңдар осы жігіттен! Бүгін міне екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткелі тұрмын. Бұл үйде қалағаныңша тұратын боласың»,- деді облыстық полиция департаментінің басшысы М.Әбисатов.Сонымен, қатар Әлібекке  жұмыстастары 1 күндік жалақыларын аударыпты.  Кілтпен бірге 7 млн 356 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Одан бөлек, Махамбет Әбисатов экс-қызметкеріне ай сайын бұрын алып келген жалақысының 50 % төленіп отыратынын, әрі денсаулығын оңалту үшін медициналық мекемелермен келісім бар екенін жеткізді. «Қуанышымда шек жоқ. Екі бөлмелі қызметтік пәтерге көшкенше асығып жүрміз. Сүйінші хабарды естіп, ата-анам да, келіншегім де, екі жасар қызым да қуанып қалды. Кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, қоныс тойын тойлаймыз. Ал жұмысқа келетін болсақ, бірінші денсаулығымды толық емдеп алғым келеді. Оң жақ қолым солып барады.  Денемде әлі 7 оқтың жарықшақтары қалды. Оны қазір алуға болмайды, уақыт өте келе өзі шығады деп отыр дәрігерлер», — дейді Әлібек Жетіғарин.Фото автордікі.                      
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34