11.06.2019, 13:53
69
Белгіліайтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін ұсталды.Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі осылай мәлімдемежасады.
«ЗайытовАлатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді.Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды. Біразуақыттан соң тұрғындар полиция департаменті ғимаратының алдында жиналды. ОларғаЗайытовтың үйіне қайтарылғанын хабарладық, бірақ жиналғандар тарқамады.Жиналғандардың осыдан кейін тағы да жаппай тәртіптсіздік орнатуы мүмкінекенін ескере отырып, Зайытов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабыбойынша жиналғандардың алдына барып, сөз сөйледі. Оларды заңбұзушылықжасамауға, сондай-ақ, құқық қорғауоргандары қызметкерлерінің талаптарынорындауға шақырды», — деліген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 10 маусым күні Ринат Зайытов бір топтәуелсіз бақылаушылармен сайлаудағы заңсыздықтарды жариялаймын деген болатын.
Фото ғаламтордан алынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР