Премьер-министр енді президент сияқты отандық аяқ киім киеді

17.03.2019, 02:47

265

Үкімет басшысы Асқар МАМИН Шымкенттегі «Оңтүстік» экономикалық аймағын аралап, отандық аяқ киім сатып алды. Бұл туралы Жас АЛАШ хабарлайды.Оңтүстік өңірге іс-сапармен келген премьер-министр тексильді өнім шығаратын фабрикада болды. Және өзіне аяқ киім сатып алды. Ол үшін Мамин мырза 12 мың теңгесін жұмсаған.Айтпақшы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2015 Атырау қаласында төрт батыс облысының әкімдерімен кездескенде отандық өндірушілерден киінетінін айтқан еді. Дәлірек айтқанда, костюм-шалбары мен аяқ киімінің Қазақстанда жасалғанын мәлімдеген. Және барлық шенеуніктерді отандық кәсіпорындарды қолдауды сұрап, өз елімізде тігілген киімдерді киюге шақырған. Кейін ақпарат құралдарында президенттің костюм-шалбарының 45 мың теңге тұратыны жазылған еді. Одан бері арада төрт жыл өтті.Жаңа үкіметтің мүшесі, жуырда Ұлттық экономика министрі болып  тағайындалған Руслан ДӘЛЕНОВ 12 наурыз күні үкімет отырысына Қазақстанда жасалған костюм-шалбар киіп келді. Және оны журналисттер арқылы баршаға жария етті. Осылайша Руслан Дәленов басшысы Маминнің алдын төрт күнге орап кетті. Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ болса бүгін ғана Шымкенттен аяқ киіп алып отыр. Енді алдағы күні «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар костюм-шалбар алып қалар деп ойлаймыз. Фото: tengrinews.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47