Президент БҰҰ виртуалды форумында не туралы айтты?

Нұрболат ӘЛДИБЕК

11.04.2021, 15:55

431

Коронавирустық инфекцияның таралуы әлем елдерінің экономикасына үлкен соққы болды. Ендігі кезекте олардың аяққа нық тұруына Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының қаржылай мүмкіндіктері тартылғаны жөн. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының виртуалды форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Аталған жиында теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының төрағасы ретінде сөз алған Қасым-Жомарт Кемелұлы Дүниежүзілік банктің  дағдарысқа қарсы 160 миллиард долларлық пакеті мен Халықаралық валюта қорының 1 триллион доллар несие желісін пандемиядан зардап шеккен елдерге бағыттау керектігін тілге тиек етті.

Бүгінде теңіз жолы үлкен транзиттік маңызға ие. Сондықтан су көлігімен жүк тасымал экономикаға тың серпін беретін сала саналады. Осы бір факторлар теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің экономикасына өз әсерін тигізді. Яғни бұл елдер тобында әлеуметтік-экономикалық жағдай коронавирустық инфекцияның таралуына дейін де мәз болмады. Ал пандемия салдарынан бұл елдердегі сауда, көлік және маркетинг саласындағы жағдайлар да нашарлай түсті.

Өз кезегінде әлемдегі ең ықпалды ұйым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл елдерге көмек көрсетуге әзір. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуында түйткілді мәселелермен бірге көміртегі аз, қауіпсіз көлік құралдарын қосуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды бюджет есебінен немесе жеке инвестиция көмегімен қаржыландыруға көңіл бөледі.

Сонымен отын энергетика нарығындағы құбылмалы бағаға байланысты жерасты қазба байлығын игеруге тәуелділік тоқтап, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану басымдыққа ие болады.  

БҰҰ-ның виртуалды форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президент пандемиядан кейін экономиканың еңсе тіктеуі бірнеше жыл бойы жүргізілуі мүмкін екендігін атап өтті. Қазір әлем елдерімен бірге Қазақстанда да коронавирустық инфекцияға қарсы күрес халықтың осал топтарын қорғаумен байланысты болып отыр. Әрі бұл коронадағдарысты жеңудегі мүмкін жолдардың бірі және халықаралық қоғамдықтықтың ортақ жауапкершілігіне айналды.

Шын мәнінде 1 жылдан бергі коронадағдарыс экономикасы әлеуетті елдердің өзін есеңгіретіп тастады. Әсіресе өнімдерін шетелге экспорттау арқылы пайда тауып отырған алпауыт компаниялар табысынан айырылды. Миллиондаған адам жұмысынан айырылып, әлеуметтік жағдай нашарлады. Жер бетінде тіршілік атаулыға тұсау салынуы азық-түлік, көрсетілетін қызметтер бағасының ұлғаюына әкеп соқты. Мәселенің өзектілігін ескеріп оны күллі әлем көз тіккен жиында көтеріп, оны шешудің нақты жолдарын ұсыну Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық қатынас, экономика саласындағы жайттармен жете таныс екендігін көрсетеді.

Жалпы Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет ретінде Біріккен Ұлтттар Ұйымына мүше болған 30 жыл уақыттың ішінде осы ұйымдағы өзінің шешуші рөлін қалыптастыра алды. Әсіресе ұйымға Қазақстанның мүшелікке өткен алғашқы жылдардың өзінде ядролық қарусыздандыру саясатын ұсыну бейбітшілік пен келісімді, татулық пен тұрақтылықты ту еткен құрылымдағы еліміздің беделін биіктете түсті. Кейіннен этносаралық келісімді сақтау, конфессияаралық тұрақтылыққа кепілдік беру саясатын бағдар ету де Қазақстан ұстанған бағыттың айқындығын көрсеткендей болды. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы сынды ұйымдарға төрағалық ету кезінде де әлемдік геосаяси жағдайдың тамырын тап басу еліміздің беделін биік етті.

Бір сөзбен айтқанда Қазақстан БҰҰ-ның ең сыйлы, абыройлы мүшесі. Сондықтан ел Президентінің аталған ұйымның виртуалды форумында әлем экономикасындағы ең өзекті мәселені ұсыну беделімізді биік  етті. Және Қазақстанның бұған дейін қалыптасып, өзінің жоғары бағасын алып үлгергенге рөлі осы мәселелердің нәтижелі шешілуіне мұрындық болары анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 26.07.2021, 09:10
Жұрт кімге, неге сенерін білмей жүр?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55