Президент Путиннің жауын үлгі етті

24.08.2018, 17:12

45

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына келген сапарында «Карат» ЖШС-нің «Дәулет» индустриалды аймағында, «Жігермұнайсервис ЖШС зауытында, «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесінде болып, жаңадан ашылған Студенттер үйінде алқалы жиын өткізді. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жыл басынан бергі өндірістік көрсеткіштер жөнінде есеп беріп, балық шаруашылығын дамыту мақсатында Қиғаш және Жайық өзендерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кетті.[caption id=«attachment_16462» align=«alignnone» width=«1280»]Фото автордікі[/caption]Атыраулықтар Ресейде емделеді Аймақта 92 медициналық қызметкердің (2016 жылы 144 маман) жетіспейтінін, облыстық бюджет есебінен оқитын 247 маманның 54-і – болашақ дәрігер екенін естіген Нұрсұлтан Әбішұлы соған қарамастан жергілікті тұрғындардың көбінесе басқа жаққа барып емделетінін сынға алды. Ресейдің көршілес Астрахань облысына барып қаралатындардың барын жасырмаған өңір басшысы «жағдайды өзгертуге тырысып жатқанын, бізде материалдық-техникалық жабдықтаудың қажетті деңгейде екенін» айтып ақталды.Назарбаев мектебінде әкімдердің ғана балалары оқымайдыАтыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешовтің биыл мектепке оқуға түсуге 1500 оқушы құжат тапсырып, оның 120-сы қабылданғанын білген президент «ТМД елдері бойынша мұндай мектеп жоқ. Мұнда байлар мен әкім-қаралардың балалары ғана оқиды деген алыпқашпа әңгіме бар. бірақ, мұнда бәрі әділ. Мен Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев университетін қазақ элитасын тәрбиелеу үшін құрғанмын. Бұл жерде ең мықты дегендер оқиды, барлығы әділ болуы керек, олай болмаған жағдайда — қатаң жазалаймын», — дегенді айтты.«Wheel brothers» мотоклубының жетекшісі Олег Шмальдің Ұлы Жібек жолы бойынша мотожарыс өткізу жайлы бастамасын қолдаған ол«Мен әлемнің барлық дерлік елін араладым, 251 елдің басшысымен кездестім, олар ауысып жатыр, ал мен отырмын, содан да саны көп болып жатыр. Сөйтіп, бізде жақсы демалуға болады деген түйінге тоқтадым.  Жақында Ақтауда болдым, ондағы жағалаулар қандай керемет! Ал Путин маған «Каспийдің мынадай таза суы барын білмеппін, біздің Астраханда мұндай жоқ» деді.[caption id=«attachment_16463» align=«alignnone» width=«1280»]Фото автордікі[/caption]Назарбаев Путиннің жауын үлгі еттіМемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты «Қазақстан полициялық реформалар бойынша Грузиядан үлгі алуы керек» деген пікірін білдірді. Алдымен « Әлемде полицей адамның досы, ал бізде кім?» деп шүйлігіп алғаннан кейін «Грузия барлық полицейлерді жұмыстан шығарып, органдарға загерлерді алып, салада тәртіп орнатты. Бізде де жұмыссыз жүрген дипломды заңгерлер жетерлік. Мүмкін, біз де Грузияның үлгісімен оларды тәртіп сақшыларының орнына алармыз» деген ойымен бөлісті. Одан әрі Елбасы елдегі және аймақтардағы жоғары білім беру ұйымдарының талапқа сәйкес келмейтіндерін жауып, жетіспей тұрған мамандарды даярлауына назар аудару керектігін жеткізді. Мәселен, елде ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері аса тапшы.Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы Атыраудан Астрахан мен Ақтөбеге дейінгі жолдардың салынып бітетініне сендірді.Осылайша, мемлекет басшысының Атырауға сапары келісті қалпында, сыныптай сырғып өте шықты. Ешкім қатты сөз естімеді, жазаланған жоқ. «Жарайсыңдар, жақсысыңдар» деп әкелері басынан сипап кеткен баладай бәрі марқайып қалды. Ал қолайсыз экология, қураған талдар, басқа да мұнайлы аймақтың қордаланған проблемалары сөз болмастан сол күйінде қала берді…Фото: ghn.ge
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05