Президенттік кадр резерві ел болашағына қажет

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

19.04.2022, 00:12

157

Президенттік кадр резервін жасақтау ел болашағы үшін маңызды қадамдардың бірі болып қала береді. «Жас келсе іске» дегендей, президенттік кадр резервіне жастарды жасақтау соңғы жылдары Қазақстанда қарқынды іске асуда.

Жақында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесу өткізген болатын. ҚР премьер- министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жастарды еліміздің сыртқы саясатының маңызды тұстары мен басым бағыттарын айтып, таныстырып өтті. Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары, инвестициялық және кадр саясаты тілге тиек етілді. Сонымен қатар шетелде тұратын қазақтардың диаспорасымен қандай жұмыстар жүргізілгені, әрі мұндай шаралар барысында қандай жайттарға назар аударылу қажет деген сұрақтар талқыланды. Кадр резервіне іріктеліп алынған жастар Қазақстанның сыртқы саяси бағыттарын жүзеге асыру барысында оны одан әрі дамыту мақсатында ұсыныстар мен идеяларын алға тартты. Мұндай кездесу лауазымды әрі жауапкершілігі мықты, жүгі ауыр қызметке келген жастарға бағыт бағдар беру үшін ауадай қажет.

Өткен жылдың соңында президенттік жастар кадр резервіне іріктелген 50 адамның тізімі анықталған еді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша жастар резервке алынған. Мамандардың айтуынша, қазіргі резерв тек мемлекеттік қызмет үшін ғана жасалған көрінеді. Жастар үшін резервте болу мерзімі 3 жыл болмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар кадрлық резервіне қатысу ел игілігі мен сол жұмыстарды дамытуда маңызды орынға ие болатынын атап өткен болатын.

Биліктегілер мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту мәселесі президенттік жастар кадр резервіне қатысы болмайтынын мәлімдеген болатын. Білімді әрі жұмыста тәжірибесі бар жаңашыл жастардың билік басына келіп, халықтың игілігі үшін еңбек етуіне бүгінгі таңда кедергі жоқ. Өйткені келешек жастардың қолында болғандықтан, оларға бағыт көрсете отырып, қызмет жасауға жағдай жасау өзекті болып қала бермек.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01