25.12.2019, 09:49
216
ҚР Мемлекеттік қызмет істеріагенттігі Президенттік жастар кадр резерві жеңімпаздарының мансаптық дамуынқолға алады. Бұл туралы агенттік төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.
«Резервке енген жастардың қалай, қашанжұмысқа орналасатыны қоғамды қызықтырып отыр. Қазіргі уақытта 300 жастың 221-і (74%) салалық топқа, 42 адам(14%) — басқару тобына және 37 адам (12%) — өңірлік топқа бөлінді. Кейжеңімпаздар жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. 2020жылдың алғашқы тоқсанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір қатысушыныдамыту бойынша жеке жоспарын құрады», — деді Анар Жайылғанова ҚР Президентіжанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Резервшілердіңжоғары лауазымды мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметтерінетағайындалуы жүйелі мансаптық өсу жолымен жүргізіледі. Агенттік қатысушылардың мансаптықдамуына бақылау жүргізеді.
«Жеңімпаздардың бір бөлігі қажеттіқұзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін Мемлекеттік басқаруакадемиясының базасында қысқа курстардан немесе үздіксіз оқудан өтеді», — дедіагенттік төрағасы.
Айтакетейік, Президенттік жастар кадр резервіне енген 300 үздік қазақстандықтыңтізімі жарияланды. Толық тізімді ресмисайттан көруге болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР