Президенттің жүзеге аспаған тағы бір бағдарламасы

16.05.2018, 16:33

157

Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған 70 ке жуық тұрғын үйдің барлығына сапасыз жөндеу жүргізілген. Қазір жүздеген көкшетаулықтар мердігер компанияларды сотқа бермекші. Соған қарамастан,  бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметкерлері ай сайынғы төлемақыны өтеуге міндеттеп отыр.Қаладағы 66 тұрғын үйді қайта жөндеу жұмыстары 2011 жылы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашақты бірге қалаймыз!» атты жолдауындағы міндеттемелерге орай басталған. Яғни «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының» авторы мемлекет басшысы. Әдеттегідей жолдауға қолдау деп Көкшетауда ескі үйлерді жаңғырту басталып кеткен еді. Ол кезде облыс басшысы Сергей ДЬЯЧЕНКО болса, қала әкімі Мұнарбек БАТЫРХАНОВ еді.Уәлиханов көшесіндегі 334-ші үйге мемлекеттік «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011 жылы күрделі жөндеу жасалған. Алайда, баспананы жөндеу көрді деп айта алмайсыз.Қыс болса шатырдың ішіне қалың мұз қатып, көктемде еріген суы пәтерлерге ағады. Жөндеуден кейін бұрын болмаған ыңғайсыздықтарға тап болған тұрғындар миллиондаған соманы не үшін төлейміз дейді. –Біз ақша төлемейміз деп отырған жоқпыз. Ақша төлейміз. Бірақ, оны төлегенде сапалы ремонтқа төлегіміз келеді.Ал, төбемізден су ағып жатса, аяғымыздың астында құлап жатсақ, онда не үшін төлеу керекпіз,–дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Жібек БАЙҒАБЫЛОВА.Жөндеу жасалған ұйлердің нақты саны алпыс алты.Тұрғындардың бірі Гүлшара ДҮСЕНБЕКОВА жөндеуден кейін үйіміздің келбеті жақсарудың орнына нашарлап кетті дейді. Кәрізден келетін жағымсыз иісті сыртқа шығаратын құбыр шатырдың ішінде қалып қойып, пәтерлерде қысы-жазы мүңкіп тұрады екен. Жағдайларын айтып талай мекемеге барған тұрғындар мәселе шешілмесе, жоғарғы сотқа шағымданамыз деп отыр. Ал, әзірге жергілікті заңгерге жүгінген.– Жұмыс жобаларын қарап отырсақ, барлық үйлердегі шатырлардың қалыңдығы талапқа сай емес. 0,7  милиметрдің орнына қалыңдығы 0,36 0,38 милиметр болатын тақтайшалар орнатылған. Бірақ, бұған мемлекеттік органдар да, құқыққорғау органдары да көз жұмып келеді. Тексеру жүргізген кезде бәрі сапалы, заңды орындалған деп жұмысты қабылдап алған, – дейді заңгер Сәкен БАҚАЕВ.Тұрғындарды баспаналардың сапасы ғана емес, жөндеуге төленетін ақшаның мөлшері де алаңдатады. Айтуларынша, әуелде бір тұрғын үйдің жөндеу жұмысы жалпы сомасы 9 млн теңге болады делінген. Бірақ, қазір олар 9 емес 22 млн теңге төлеуге міндетті. Жұмысты сапасыз жасағандарымен қоймай, сол үшін 22 млн теңге талап ету бассыздық дейді ашынған тұрғындар. Бірақ, бірыңғай есеп айырысу орталығы директорының бұған өз айтары бар. – Жобалық сметалық құжатты мемлекеттік комиссия бекітеді. Онда көрсетілген сомадан біз ауытқи алмаймыз. Яғни, жөндеу жұмыстары сол құжаттағы сомаға сай жүргізіледі. Тұрғындар болса, ақша төлемеудің амалын іздеп отыр. 2012 жылы баспаналарды қабылдаған комиссия құрамында сол үйлердің тұрғындары да болған. Сол кезде байқамаған ақауларды енді көріп жатыр. Ал, жұмыс шынымен сапасыз жасалса, оны сөзбен айтпай, хаттама толтырып, мердігер компанияға шағым жазу керек, – дейді біріңғай есеп айырысу орталығының директоры ТимурПЕРЕРВА.  Жөндеу жүргізген мердігер компания үйлердің жағдайына 7 жыл жауап береді. Ал, мына үйлердің жөнделгеніне 6 жыл. Яғни, енді бір жыл ішінде тұрғындар мердігер компаниядан жөндеуді қайта жүргізуді талап етпесе, мәселенің мүлдем шешілмей қалуы ықтимал.Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек Көкшетаудағы ескі төрт тұрғын үйге 100 млн. астам теңге бөлінген. Егер қарапайым есепке салсақ бір тұрғын үйге 25 млн теңге бөлініп отыр. Оны 66-ға көбейтсек 1 млрд 650 млн теңге болады.

Фотолар автордікі. 

 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29