Прогресс ауылында 30 үй әлі су астында жатыр

26.03.2018, 16:32

49

Шығыс Қазақстан облысына қарасты  Глубокое және Шемонаиха аудандарныда тасқын суға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазір аймақта барлық коммуналдық сала мен құтқарушылар күшейтілген кесете бойынша жұмыс істеп жатыр. Өңірде соңғы үш тәулікте тоқтаусыз жауған жауын жағдайды тіпті қиындатып жіберді.Облыста тасқынға байланысты жағдай әлі толық тұрақталған жоқ. Қос аудан Глубокое мен Шемонаихада құтқарушылар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Глуокое ауданындағы Прогресс алында 30 дан астам үй әлі судың астында тұр. Бұл ауылға су 2 күн бұрын түңгі сағат 22-00 мен 00-00-дер кезінде кірген. Арындаған ағын су кейбір отбасылардың малы мен ұй құстарын да ағызып кеткен. Тұрғындар жергілікті мектепке оранластырлып, 3-4 уақыт ыстық тамақ беріліп жатыр.Қазгидромет мамандары соңғы үш тәулікте жалпы облыста 78-80 мм жауын жауғанын хабарлады. Бұл еріген қар суына қосылып жағдайды одан ары қиындатып жіберді.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жалпы облыста бірнеше ауданға тасқын су қаупі төніп тұрғанын ескертті. Бүгінге дейін аймақта 750 адам басқа жерге көшірілді. Жалпы өңірде 72 үйді су басқан. 44 үйдің суы сорылып тұрғындар өз шаңырақтарына оралды. Бүгінге дейін тек Өскемен қаласынан 111 мың текше метр су сорғызылды. Қазір ШҚО-на Павлодар мен ОҚО-нан келген құтқарушылар көктемгі судан ең көп зардап шеккен Шемонаиха мен Глубокое аудандарының тұрғындарына көмектесіп жатыр. Атқарушы билік жағдайды бақылауға алған. Әрбір ауданда құрылған жедел штаб жағдайға байланысты мониторинг жасап отыр.

Орынбек Асылмұратұлы, ШҚО

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42