08.09.2020, 08:29
2400
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға оралуына қатысты пікір білдірді.
«Ақжарқын бойынша. Бүгінде, бізде бар мәліметтер бойынша, Ақжарқынға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Бізде Қытаймен сотталған азаматтарымызды беру туралы екіжақты шарт бар. Бірінші шарт — оның Қазақстанда жазасын өтегісі келетіні туралы жазбаша өтініші болуы керек. Осыдан кейін дайын және ратификацияланған шарттарымызға сәйкес, біз Қытай Халық Республикасына оның жіберілуі мүмкін екендігі жайлы хабарлама жібереміз. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Біз қандай санкция қарастырылғанын көреміз. Бізде де осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер, шын мәнінде, оның әрекеті шартқа сәйкес келетін болса, бізде оны экстрадициялауға толық мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын», — деді бас прокурордың орынбасары.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР