Қабатов Назарбаевты әжуалады

10.01.2020, 10:17

266

ТанымалКВН ойыншысы Тұрсынбек ҚАБАТОВ экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сөзінмазаққа айналдырды. Және ол сөзі Nur Otan партиясына қарайтын республикалық «Astana»телеарнасының эфирінен көрсетілген.

СоныменНұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ қай сөзі күлкіге айналды? 2019 жылдың ақпайын айындағы бесқыздың өлімінен кейін, елде көпбалалы аналардың қарсылық акциялары көбейген-ді.Сол жылдың 21 тамыз айында Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілгенотырысында «әйелдер бала табарда мемлектепен ақылдасқан жоқ» еді ғой деген-ді.

«Әлі есімде, бас кезінде қиын болды. Жұмыс жоқ, жалақыжоқ, дүкен сөрелері бос тұрды. Сонда бәрі «бер, бер» деп отыратын. Мемлекеттеақша жоқ болса, қайдан береміз? Бірақ, қазір сол 30 жыл бұрын болған ұрандардыкөтеріп жүр. «Маған бер, балаларым көп» дейді, «жалақым аз, тағы бер» дейді.Бас кезінде нені ойладың? Бұл – сенің проблемаң. Сен мемлекетпен ақылдасқанжоқсың ғой», — деген Назарбаев.

КВН ойыншысы өзмонологында бұл сөздердің авторы министрлер мен депутаттар деп соғады. Жалпыквн-шілердің президенттерді әжуалауы бұрынан бар. Осы ойынның (КВН) отаныРесейде Семен СЛЕПАКОВ Владимир ПУТИННІҢ алдында саяси батыл әнімен ел есінде.Бәлкім біздің Қабатов украиналық әріптесі Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ  (ол да КВН ойнаған) сияқты билік партиясыныңбасшысын сынау арқылы саясатқа бет алмақшы ма? Бірақ Қабатовтың Nur Otanпартиясы төрағасы, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Елбасы, Халық қаһарманыНұрсұлтан ӘБІШҰЛЫН сынайтындай жөні жоқ. Билік партиясы Қазақстандағы КВН-гедемеушілік жасап келеді. Қабатовтың концерттеріне Алтай КӨЛГІНОВ сынды әкімдер,нұротандық депутат Бекболат ТІЛЕУХАНДАР келеді. Сондықтан да Тұрсынбек пенбилік партиясының арасы ушығатындай дәнеме жоқ.

Әңгімеміздің басы болғанҚабатов әзілінен ауытқып кетіппіз. Монолог жиылған жұрттың езуін тарқызыпты.

«Бізде 6 бала болды. Мен бұны түсінемін. Бірақ, кейбірдепуттар, министрлер «сіздер бала жасағанда бізбен ақылдассаңдаршы» деп жатыр.Мен таң қаламын негізі. Ондай сәтте ешкіммен ақылдаспайсың ғой енді. Қалай ол? Ондайда«бас істемей» қалады емес пе?.. Мысалы, әйеліңді әдемі етіп киіндіріп алып,агенттік пе, әкімдік пе, министрлік пе… біреуіне ерте барып: «Сәлеметсіз бе?»- деп тұрсаң, ондағылар: «Сіздерге не керек?» — дегенде: «Ештеңе керек емес.Жай… ақылдасайық деп едік...» — десең, «Ақылдасқаны қалай?» — дегенде,«Ендііі… Қалай айтсам екен… Кешке жоспар бар еді негізі… Сол туралысізбен ақылдасайық деп едік… Бола ма, болмай ма, жалпы?..» — дегенің ыңғайсызғой, иә?» — деп күлдірді КВН ойыншысы.

Айтпақшы, ТұрсынбекҚабатов 2019 жылдың қараша айында кәсіпқой боксер Мейірім НҰРСҰЛТАНОВ екеуі Nur Otanпартиясының қатарына кірген. Партия төрағасының бірінші орынбасары БауыржанБАЙБЕК өз қолымен партбилет берген.

Коллаж: zhasalash.kz     


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 05.08.2021, 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 05.08.2021, 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 05.08.2021, 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58