Қабдеш Жұмаділов: «Орбұлақ шайқасы» деген тарихта болған емес

26.12.2019, 19:31

7

Философияда «Бірөзеннің суына екі мәрте шомыла алмайсың» деген сөз бар. Онысы – ағын су бірорында тұрмайды, өзгеріп, жаңарып отырады дегенді білдірсе керек… Ал қазақтыңсары аурудай созылған дау-дамайы оған мүлде ұқсамайды, жуырмаңда бітпейді,жаңармайды. Өйткені бізде сөзге тоқтау, уәжге жығылу деген ата салты әлдеқашанұмытылған. Сондықтан әлдебір бітпес дауға неше қайта араласуға тура келеді.

Менің тарихқабайланысты тартысқа жиі түсетінім, сөзқұмарлығымнан, не дауқұмарлығымнан емес,соған өмірдің өзі итермелейді. Менің бір сұхбат кезінде айтылған «біздіңміндетіміз – тарихты өтіріктен тазарту» деген сөзім бар. Бүгінге дейін меніңталай уақытым ақиқат үшін алысумен, шындық үшін шырылдаумен өтіп келеді. Бірақ,амал қанша, біздегі адам санасы оңайшылықпен өзгерер түрі жоқ. Сен алысыпжүріп, бір өтіріктің бетін қайтарсаң, екінші біреулер қоғам өміріне өтіріктіүйірімен енгізіп жатады.

Міне, «Орбұлақшайқасы» туралы әңгіме тағы шықты алдымыздан. Бұл жайындағы сөз осыдан ширекғасыр бұрын Орбұлақта шайқастың 350-жылдығын тойлаумен аяқталған сияқты еді.Жоқ, оның жыры әлі бітпепті. Ендігісі жәй, жел сөз емес, «Орбұлақ шайқасы» аттыекі сериалы фильм болып, теледидарда көрсетіліп жатыр. Фильмнің бас кеңесшісікім дейсіз ғой? Сол баяғы «Орбұлақ шайқасының» идеологі Бексұлтан Нұржекеев.

Бұл жігіт алысқа аттерлетіп бармай-ақ, өз ауданы Жаркент өңірін аралап жүріп, Белжайлау маңынанәлдебір қазылған ордың ізін көреді де, ойланып қалады. Ньютонның басына алмақұлап кетіп, содан әлемдік тартылыс заңын ашпай ма? Бексұлтан да жаңағы орғақарап тұрып: «Таптым! – дейді, алақанын ысқылап. – Баяғы Салқам Жәңгір Хан менбатыр Қонтайжының соғысы дәл осы арада болған. Мына ор – Жәңгір ХанныңҚонтайжыдан қорғану үшін қазған окоптың орны»...

Көп ұзамайБексұлтан газеттерде «Орбұлақ шайқасы» жөнінде сенсациялық мақала жариалайды.Оны өзінің ауылдасы, сол кездегі республика үкіметінің орынбасар бастығы ҚуанышСұлтанов қолдайды. Ал, үкімет төрағасы Сергей Терещенко «Орбұлақ шайқасының»350-жылдығын салтанатпен тойлау жөніндегі қаулыға еш бөгетсіз қол қояды. Оныңда қазаққа қайтсем жағам деп жүрген кезі. Ол және бұл бастаманың елбасына даұнайтынын білетін-ді. Президенттің тікелей қолдауымен жақында 300 мың данаменшыққалы жатқан Балғабек Қыдырбекұлының «Түп тұқияннан өзіме шейін» дегеншапыраштылар туралы кітабына сүттей аппақ фин қағазын қоймадан Сергейдің өзібосатып берген. Демек, қазақтың ру жігіне жүйрік Терещенко осы қызметі арқылыбір оқпен екі қоянды бірдей жығатынын біліп жүрген.

Сонымен,1993-жылдың күзінде Орбұлақта ұлан-асыр той өтті. Үш жүздей үй тігілді. Үй басыжылқы жығылды. Несін айтасың,  қазан дамай, шөміш те май. Бір тәуірі, ол кезде колхоз-совхоз әлі тарай қоймаған. Кеңесүкіметінен қалған байлық той шығынын ауырсына қоймады. Менің ішім удай ашығанбір ғана жәй – миллиондаған мемлекет қаржысының өз адресін таппай, мақсатсыз,мағынасыз босқа шашылғандығы еді.

Олай дейтінім, менбұл той туралы Нұржекеевтен мүлде басқаша пікірде едім. Иә, сол бір 1643-жылықазақ пен қалмақ арасында сұрапыл соғыстың болғаны рас. Бірақ ол соғысОрбұлақта емес, басқа жерде өткен. Бұл туралы орыс архивінде сақталғанмәліметте Қонтайжының 50 мың әскермен қырғызға қарсы жорыққа аттанғаны, қазақханы Жәңгір 600 сарбазбен алдын бөгегені айтылады да, ұрыстың қай жерде өткеніжайында дерек көрсетілмеген. Міне, осы арада менің университетті бірге бітіргенкурстас досым Бексұлтан екеуіміздің арамызда қайшылық туды. Бексұлтан: «шайқасбіздің ауданның жерінде өтті. Жәңгір Хан жоңғарға қарсы окоп қазып соғысты»дейді. Ал, мен «қазақ пен қалмақ ешқашан окоп қазып соғыспаған. Сендердің«окоп» деп жүргендерің – ертеде аңдарды қамап ұстайтын аранның орны» деймін.Міне, отыз жыл бойы осыны Нұржекеевке ұғындыра алмай-ақ келемін.

Айтты-айтпады,қылыш-найза, шоқпар-садақпен қаруланған атты әскерге окоптың қажеті не?! Шайқас– Орбұлақта емес, Кегеннен Ыстық-көлге асып түсетін Қарқара асуында өткен.Жоңғар қолын қырғызға апаратын жалғыз жол – осы. Олай дейтінім, бұл жолы БатырҚонтайжы жер басып алу үшін емес, Алатау қырғызын Жоңғарияға көшіріп әкету үшінкеле жатқан. Дәл осы тұста Жоңғар хандығы жерге емес, адамға зәру болатын.Себебі, жоңғарлар қазаққа ғана емес, шығыстағы Маншың хандығымен де аракідік соғысыптұратын. Адам шығыны жойдасыз көп еді. Олар осыдан екі жыл бұрын Енесейдегі үшмың түтін қырғыздарды көшіріп әкелген. Енді, міне, Алатау қырғызын өздерінеқосып алмақ. Кәрі-құртаңына мал бақтырады, жастарын әскерге алады. Жоңғарларадам тапшылығынан бертінге дейін арылған жоқ. XVIII-ғасырда Сыр бойындағықарақалпақты зорлап көшіріп әкетіп бара жатқанда, оларды Қабанбай жасағықұтқарып қалғаны есімізде.

Батыр ҚонтайжыныңАлатау қырғызына бет алғанын Салқам Жәңгір кешірек естіп қалады да, әскергесауын айтуға үлгірмей қарбалас күйге түседі. Оған қалайда қырғызды қорғау керекеді. (Өйткені ол кезде өз алдына хандық құрмаған қырғыздар, қарақалпақ пенқұрама сияқты, қазақ хандығына қарайтын). Сондықтан Жәңгір Хан арттағы қалыңәскердің келуін күтпей, отқарулы 600 мергенмен Қарқара асуына бұрын жетеді де,сол арада қорғаныс шебін құрып, Санташқа өтетін қысаңда жоңғар қолын көпшығынға ұшыратады. Бірақ бұл түбегейлі жеңіс емес-ті. Жоңғарлар өлермендікпенбәрібір Ыстық-көлге асып түседі. Айқас әлденеше аптаға созылады. Арттанқазақтың қалың әскері келіп, түстіктен Жалаңтөс батыр көмекке жетіп, ақыры,Батыр Қонтайжы басым күшке төтеп бере алмай, шегінуге мәжбүр болады. Нәтижеде,қазақтар бұл жолы да қырғызды қорғап қалады.

Амал не, әсірепатриоттарға осыны айтып түсіндіре алмадық қой. Мен бұл туралы айттым да,жаздым да, бірақ ешкім құлақ аспады. Анығына келсек, жеңіс тойын Орбұлақтаемес, Қарқара жайлауында, қырғыздармен бірлікте тойлауымыз керек еді. Жалпықырғыздар дербес ел болып, бүгінгі күнге аман жеткені үшін қазаққа қарыздар.Бірақ соны ақ қалпақты ағайындар еске сақтамай ұмытып кете береді.

Ал енді «Орбұлақшайқасы» атты фильмге келейікші. Ашығын айтайын, фильм маған ұнамады. Өйткеніконцепциясы жалған, баяндалатын оқиға жалған… Сол баяғы окоп! Өздеріншешындыққа жақындатпақ болып, «окоптың» бетін қамыспен, қараған-бұтамен жапқанболыпты… XVIII-ғасырдағы атты әскер соғысында окоп не бітіреді? Сезімталжылқы жануар қазылған ұраға өлсе де баспайды. Жарайды, алғашқы екпінменон-жиырмасы құлады дейік. Қалған әскер кейін серпілмей ме? Бұл маңайда биік тауда жоқ. Қалың қол Белжайдың бел-белесінен шауып өте бермей ме? Елу мың аттыәскер окоптағы аз сарбаздан қалай жеңіледі?

Фильмде қазақ ханыСалқам Жәңгір ерік күші жоқ, жігерсіз, біреулер не айтса соған көне беретін,бейшара біреу болып шыққан. Қоластындағы батырсымақ біреулер оған ақырып, ұрсабереді. Бар шаруаны бітіріп жүрген – сол баяғы Қарасай мен Ағынтай.

Оған таңданатынештеңе жоқ. Жалпы төрелер мен хан әулетін сүмірейтіп көрсету – Б. Қыдырбекұлы менБ. Нұржекеұлының басты бағыты, мызғымас ұстанымы. «Орбұлақ шайқасының» да түптамыры – «Түп тұқияннан өзіме шейін» деген жалған кітапта жатыр. Орбұлақта жұрттой тойлап жатқанда, «Түп-тұқиян» Алматыдағы «Жалын» баспасынан (директоры –Бексұлтан Нұржекеев) 300 мың данамен тарап жатты. Жалпы, бұл екі қаламгердіңтарихқа «төңкеріс жасауда» өзара одақ құрғаны байқалады. Екеуінің де мерейіүстем еді. Үкіметтің қолдауында, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс. Екеуіде өз руларын керемет жақсы көреді екен. Өзге руларды, олардың батыр-билері менхан-сұлтандарын сұмдық жек көреді екен.

Б. Қыдырбекұлыныңкітабын Б. Нұржекеұлы 300 мың данамен шығарып қана қоймай, кітапқа мынадайбеташар сөз жазды. «Қазыбек бектің (Балғабектің деп ұғыңыз) мына кітабы –халқымыздың тарихына талай-талай тың бет қосатын кітап. Мұны оқып шыққан әрбірадам, сөз жоқ, өзінің қазақ екенін мақтаныш тұтады.… Сол үшін сіздерден«Жалын» баспасы сүінші сұрауға хақылы: сүйінші, қазақ! Іргелі ел болғаныңды, елқорғайтын ерлер тудырған қаһарман халық болғаныңды дәләлдейтін тағы біртарихнама табылды».

Мұндай оқиға қазақбаспасөзінде бұрын-соңды болмаған. Абайдың толық жинағы шыққанда да, МұхтарӘуезовтың «Абай жолы» эпопеясы жарық көргенде де, ешкім бұлай алақайлап сүйіншісұрамаған.

«Түп-тұқиянды»қазақ-жоңғар соғысына бастан-аяқ қатысқан шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлыдеген кісі өлер алдында, 84 жасында жазған дейді. Ол өзі жас кезінде Стамбулда,Мысыр мен Бағдатта, Римде білім алған ғұлама көрінеді. Оның мұрасы көп жылдаржер астында көміліп жатады екен, ұрпақтары таяуда ғана ашып алыпты. Кітаптыңкөлемі 24 баспа табақ, 400 беттенастам. Жанр жағынан ғұмырнамалық роман, немесе роман-эсседеп атауға болады. Мұнда романға керек шарттардың бәрі бар. Баяндау, суреттеу,портрет, пейзаж, диалог, монолог, шегініс...

Білген кісіге нағызсүйінші сұрайтын нәрсе осы ғой. Қазақтың қара сөзін Абайдан ары апара алмайжүргенде, қазақ романы XVIII-ғасырда туып отырған жоқ па?! Бексұлтан мұны негеескермеді екен?

Әсілі, «Түп-тұқиян»Абылайды, Қабанбай мен Бөгенбайды, Бұқар жырауды масқаралап қорлау үшінжазылған ғой. Мәселен, Абылай мына кітапта өз түбінің шикі екенін біле тұра«хан нәсілімін» деп дүйім жұртты алдаған, тақ жолында ештеңеден тайынбайтын,ар-ұяттан жұрдай «самозванец» жанкештінің өзі. Ал «қолтоқпақтай» Бөгенбай соғыскезінде бес уақыт намазын үзбейтін, сол қылығымен Тауасарұлына ұнамайтындіндар-сопы. Қабанбай – «мақтауды, мақтануды ұнататын, мұрты едірейген» ұшқалақбіреу. Ал Бұқар жырау болса, «Бек, өткенде берген өлеңіңді жоғалтып алдым,маған тағы бір өлең жазып берші» деп Тауасарұлына жалынып жүретін жаңғалақсорлы… Өздері және дүниеге тоймайтын ашкөз, сараң адамдар. Бір жолы Абылай,Қабанбай, Бөгенбай үшеуі шапырашты Наурызбай батыр олжаға түсірген бір үйіржылқыға таласып, «қырылысып» жатқанда, бір жақтан Бұқар жырау келіп зорғатоқтатады. («Түп-тұқияннан өзіме шейін», 370-372 беттер).

Сонда, хандарымызқуыршақ, билеріміз алдамшы, батырларымыз ашкөз, дүниеқоңыз болып шыққанда,қазақта іске татыр біреу қалды ма өзі? Қалыпты. Жалғыз да болса, бар екен! Олкім дейсіз ғой? Ол – баяғы әрі батыр, әрі ғұлама шапырашты Қазыбек бекТауасарұлы. Бұл жағынан кітап құрастырушылар мақсатына жетті деуге болады.

Өзге батыр-билерді,қуыршақ хандарды қойшы, кітап авторлары қызды-қыздымен өздері пір тұтатын Төлеби мен Қаз дауысты Қазыбекті адам шошитын қылмыскер, баукеспе ұры қылыпшығарыпты. «Менің хандарды, хан тұқымдарын жексұрын көретінім: олар жәдігөй,адам өлімі оларға шегіртке өлімі сияқты… Табиғаты түрпі, доңыз жеген ондайжандардан артық ақыл күтпеймін… Төле мен Қазыбек те осы қылығына бола хантұқымдарын ұнатпады. Сондықтан Жолбарысты да, Абылайды да қолдан жасап, оларғаөктемдігін жүргізді» дейді кітаптың бас қаһарманы Тауасарұлы («Түп-тұқиян»,27-бет).

Хандарды қолданжасағаны қалай деп, басында түсінбей қаласыз. Сөйтсек, мәселе былай болғанекен. Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек хан тұқымы төрелерді ұнатпай жүреді де,қара қазақтан хан шығармақ болады. Ол үшін бір ғана жол бар. Қара қазақтыңбаласын ұрлап алып, төренің бауырына салу керек. Сол кезде екі төре баласызекен. Сондықтан арғын ішінде Қарымсақ деген жалшының әйелі таяуда босанғанынестіп, Қаз дауысты Қазыбек шаранасы кеппеген сол сәбиді ұрлатып алады да,баласыз Абдолла төренің бауырына салады. Кейін ұлы жүзді билеген Жолбарыс хансол екен.

Арада біраз жылөткенде кезек Төле биге келеді. Төле би бұл міндетті тіпті оңай атқарады. Өзінежамағайын Жаныс Қарабайдың үйінде бір қолбала күң жүруші еді. Сол күңәлдекімнен жүкті болып, босанып қалыпты. Төле шиеттей нәрестені анасыныңбауырынан ұрлап алып, баласыз Уәли сұлтанға табыс етеді. Кейін Төле бидіңтүйесін бағып жүріп, орта жүзге хан болатын Абылай осы екен.

Сонда не боп шықтыдейсіз ғой? «Түп-тұқиян» деген кітап бойынша, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбекбіз табынып жүргендей қара қылды қақ жарған, әділдігімен үш жүзге үлгі болғанаса бір қасиетті кісілер емес, ата салтын аяққа басқан, өздерін мәртебеліорынға көтерген Әз Тәукедей ханға опасыздық жасаған, ханды да, халықты даалдап, тақырға отырғызып кеткен алаяқ біреулер. Өзгесін қойшы, сонда әлгі«ұрылар» құл мен күңнен туған сәбилердің болашақта ержүрек батыр, ақылды көсемболып шығарын қалай білген десейші?!

Демек, мына кітапбойынша, бала ұрлығы батыстан да, шығыстан да емес, біздің қазақ  елінен басталған болады. Оны жәй біреулер деемес, қазақтың ұлы билері бастаған...

Мен кезіндеосыншама жойдасыз өтірікке төзіп отыра алмай, «Бір шежіренің құпиясы, немесеқуыршақ хандар мен алдамшы билер хақында» деген көлемді мақала жазып, газеткебастырғанмын («Қазақ әдебиеті», 5-қараша 1993 ж.). Мақалада «Түп-тұқиянға»текстологиялық талдау жасалып, кітаптың тіпті де XVIII-ғасыр мұрасы емес,газеттің қасаң тілімен осы таяу мерзімде жазылған жасанды дүние екені толықдәләлденген. Сондай-ақ, кітаптағы ойдан құрастырған жалған фактілер тарихитұлғаларға жабылған жала екені де жеткілікті айтылған.

Мұндайды күтпеген«Түп-тұқияншылар» бірден өре түрегелді. Маған ал кеп жабылсын (БексұлтанНұржекеев, Кәрібай Ахметбеков, Балнұр Қыдырбекқызы). Біз пақырға жаппағанжаласы, жақпаған күйесі жоқ. Бірақ, «иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар»дейді ғой.Бір жақсысы, халық оларды қолдаған жоқ.

Содан бері де ширекғасырдай уақыт өткен. Дау сонымен біткен шығар, рушыл, жікшілдерге де ой түсіп,санасы оянып түзелген шығар деп ойлағансыз. Қателесіппіз. Бітпепті. Ескіліктіжел-тұздай оқта-текте сыр беріп қояды. Келмеске кетті деген «Түп-тұқиян», арадабіраз жыл өткенде, «Орбұлақ шайқасы» болып қайтадан бас көтереді.

Ал біздіңміндетіміз түк өзгерген жоқ. Сол бұрынғыдай, тарихты өтіріктен қалай тазартамыздеп жанұшырып жүргеніміз.

25 желтоқсан 2019ж.

Коллаж: Жас Алаш. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34