Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

28.11.2020, 11:09

892

Құрылыс саласының сапасыздығы мен бұл саладағы көзбояушылық әшкере болғанымен, жауапкершілікке тартылып жатқандар жоқтың қасы. Жыл сайын жаңадан салынған үйлердің берілмей жатып тозығын түгендеп кетеміз. Сапасыз үйлердің санын  «Жас Алаш» тарқатып көрмек.

Алматыда атышулы Алғабас ықшамауданындағы қисайған көпқабатты үй тұрғындары әлі толық көшіп бітпеген. Себебі, жалдамалы үйде күнелту айлығы шайлығынан артылмайтын отбасылар үшін қиынға соғып отыр. Әсіресе көп балалы отбасылар қауіпті үйден қоныс аудару мүмкін болмай тұр. Бұл туралы аталмыш тұрғын үйдің бұрынғы тұрғыны төрт баланың анасы Әсем Жансақбаева қыстың көзі қырауда жалдамалы пәтер жағалап жүргенін айтады:

— Жалдамалы пәтер иелері балалардың көп болғанын жақтырмайды. төрт балам бар десем, бірден тұтқаны қоюға асығады. Сондықтан, әрбір пәтердің есігін қағуға тура келеді. Төтенше жағдайдан кейін пәтер бағалары да аспандап кеткен. Өзіміздің баспанамызда тұрғанға не жетсін. Бірақ, елдегі салынған тұрғын үйлердің көп уақыт өтпей қирап жатқанына көзіміз үйреніп қалды. Біздегі құрылыс әрқашан сапасыз. Кімді кінәлеп, кімнен көмек сұрарымызды қалдық. Бәрі бір-бірін нұсқайды. Жауапкершілікті кім артарымызды білмейміз. Шыны керек, шырылдай беруден шаршадық, – дейді Алғабас ықшамауданының тұрғыны.

Сол сияқты Алматыда «Саялы» ауданынының тұрғындары жылуы жоқ үйде тұрып жатқанын айтып шағымданған. Олар былтырғы қытымыр қысты суық үйде өткізгенін мәлімдеп, тағы бір қысты бүрсең қағып өткізгісі келмейтінін жеткізіп отыр. Ал мемлекеттік бағдарламаға салынған үйдің мәселесін мердігерлер мен коммуналды компания бір-біріне сілтеуден шаршар емес.

Ұқсас жағдай Жамбыл облысында апат алдында тұрған көпқабатты үйлерді әкімшілік жөндеу жұмыстарын жүргізудің орнына сырт көзге көрінетін жерлерін әрлеп қойған. Қабырғалары шұрық-тесік тұрғын үйдің тұрғындары наразылықтарын кімге айтарын білмей әлек.

  Шымкет қаласында пайдалануға берілгеніне небәрі 3 жыл уақыт өткен көпқабатты тұрғын үй құлаудың алдында тұр. Сапасы сын көтермейтін пәтерлер тұрғындарға 20 жылға ипотекалық несиемен рәсімделген. Үй қабырғалар аз уақытта тозығы жеткен үй тұрғындары 17 жыл қорқынышпен өмір сүруіне тура келеді. Себебі, мердігер компания кепілдік мерзімінің аяқталғанын алға тартып, сыннан оңай сытылып кеткен.

        

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 14:45
Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады
Мариям МАҚСАТ 07.04.2021, 08:17
Қараша халықтан тартып алмаған не қалды?
Еркежан АРЫН 06.04.2021, 15:16
2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19