28.10.2020, 10:24
1835
«СҚ-Фармация» қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы «Астана — адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты.
Оның айтуынша, 26 қазанда «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, " ҚР «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ филиалының мамандары «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.
Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. «СҚ-Фармацияның» мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.
«Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ», — деді Мирас Шекенов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР