Қайнайды қаның, ашиды жаның...

21.07.2020, 13:07

12

  Биылғымектеп бітірушілер ерекше түлектер. Пандемия салдарынан дәстүрлі форматтыңбарлығы өзгеріп, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа тәсілдер қолданылды.Бұл білім және ғылым министрлігінің түрлі жаңашылдықтарға дайын еместігін тағыбір мәрте дәлелдеп берді. Қашықтан оқытудағы қиындықтар былай тұрсын, Ұлттықбірыңғай тестілеуге дайындық пен оған қатысу, жоғары оқу орнына құжаттапсырудағы мәселелер шаш етектен. Соның кесірінен оқушылар мен ата-аналар зарқақсап жүр. Отандық білім беру жүйесінен олардың көңілі әбден қалғандай.    

250 млн теңге қайда

Ауру айтып келмейді. Дүниежүзін жалмаған COVID-19 біздіңелді де                               айналыпөтпеді. Наурыз айының ортасында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы«наконец-то» тіркеліп, Қазақстандағы өмір «коронавирусқа дейін» және «коронавирустанкейін» деп екіге бөлінді. Сәйкесінше, тұрғындардың өмір сүрту салты түбегейлі өзгерді.Бұл ретте қауіпті індет білім беру саласына да өзгерістер  алып келді.

Оқушылардың да, ұстаздардың да басын қатерге тікпеу үшінтөртінші тоқсанда сабақ қашықтан жүргізіледі деген шешім қабылданды. Бірнешекүннің ішінде мұғалімдер 10-15 минуттық дәрістерді түсіріп, отандық телеарналарарқылы көрсете бастады. Асығыс жасалған дүниенің сапасыз болатыны айтпаса датүсінікті. Оқушыларға көмекші құрал болуы тиіс бұл бейнесабақтарда түрлі кемшіліктеркетіп, балалар түгіл, ересектердің өзі сол сабақтардың мәнін ұқпаған кездер жиікездесті. Оқушылардың барлығы бірдей теледидар, компьютер, смартфон,интернетпен қамтылмағаны, «Күнделік» электронды жүйесіндегі бітпейтін ақаулартағы бар. Жаңашылдықтың осы бір алғашқы сатысының өзі талай ата-ана меноқушының жүйкесін тоздырып жіберді.

11-сынып оқушылары да өзге шәкірттер сияқты қашықтанбілім алып, тапсырмаларды электронды түрде орындауға кірісті. Ғаламторданжауаптарды тауып, мүмкіндігінше құбылтып, бір-бірінен көшіріп, әйтеуір, жақсыбағаға ілігу үшін тырысып бақты. Себебі бұл кезеңде алған баға аттестатқаенеді. Бірақ сол аттестатты алу да «жыр» болды. Мамыр айының соңына дейінтүлектер соңғы қоңыраудың соғылар-соғылмасын, аттестатты салтанатты жағдайдаалар-алмасын білмей дал болды. Әйтеуір, соңғы қоңырау 3-4 маусымда соғылатыныбелгіленіп, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.  Сөйтіп, биылғы түлектер аттестатты әдеттегідейтүлектер кешінде әдемі көйлектер мен су жаңа костюмдер киіп емес, санаулы адамқатысқан, медициналық маска мен қолғап киген соңғы қоңырау шарасында мектепформасымен-ақ барып ала салды.

Білім және ғылым министрлігі мынадай қысылтаяң кезеңдемектеп бітірушілерге жеңілдік жасау мақсатында оларды қорытынды аттестацияданбосатты. Яғни оқушылар мамыр айында бес пәннен емтихан тапсырған жоқ. Қошделік. Вирустың таралуына байланысты наурыз айында тапсыруы тиіс болған Ұлттықбірыңғай тестілеу де өтпей қалды. Ал бұл сынаққа қатысу үшін 111 мыңнан астамтүлек 1-15 ақпан аралығында Ұлттық тестілеу орталығына 2242 теңге төледі. Ендіесептей беріңіз. Өтпеген тестілеуге шамамен 250 млн теңге төленді. «Бұл ақшақайда?», «Наурыз айында тест болмағаны үшін ақшамызды қайтарып бересіздер ме?» дегенсынды сұрақтар Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасындақарша борады. Бірақ орталық тарапынан қаражаттың жұмсалуына байланысты нақтыақпарат берілмеді. Тек төтенше жағдай кезінде тегін түрде қайталанбас 70 нұсқатестілерін ұсынғанын еске салып, наурыз айындағы тестінің орнына тағы да жаңартылғанбазаның бес қайталанбас нұсқасын беретінін хабарлады. Ұлттық тестілеу орталығыныңжауабы осы болды. Бірақ бұл ретте де қиындықсыз болмады. «Сайт жүктелмей тұр»,«Аяқтауға аз қалғанда сайт істемей қалды», «Аутентификация қателігі деп шығабереді», «Әлі де тест тапсыруға тіркеле алмай отырмын. Сайт қашан жұмыс жасайды?»,«Неге бірінші нұсқаның жауабы шыға береді?» «Ақшаны қайтару керек. Төтеншежағдай болатынын білгендей наурыздың аяғында болатын тестіге ақпанның басындажинап алдыңдар» деген сипаттағы шағымдар мен сұрақтардан көз сүрінеді.

Сөйтіп, көпшілік тағатсыздана күткен сәт те келді. 21маусымда елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Әу баста 5 шілдеге дейінжоспарланған бұл сынақтың мерзімі қайта қаралып, 1 шілдеде аяқталды. Бірақ тесттапсырушылардың дені әлеуметтік желілер мен Ұлттық тестілеу орталығыныңпарақшасында төтенше жағдай кезінде берілген теңдессіз 70 нұсқа мен наурызайындағы ҰБТ-ның орнына маусымда берілген қайталанбас бес нұсқаның сұрақтарысирек кездескенін жарыса жазды. Сондықтан сыннан сүрінгендер аз емес. Осы жылыорташа балл 64,06 болса, былтыр тест тапсырушылар орта есеппен 65,5 балл жинағанболатын. Орталық берген тестілерге жауап беріп, сол арқылы дайындалған түлектеруақыттың текке кеткеніне күйінді де қынжылды. Бірақ, амал нешік…

Құжат қабылдаудың қиындығы

Қызық пен қиындықтың «көкесі» қазір қызып тұр. Жоғары оқуорындарына құжат қабылдау аласапыранға айналды. Мемлекеттік грантқа талас нағызжанталас. Бұл кезде де білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығыадамдардың басын әбден қатырды.

Шілде айының алғашқы күндері «жоғары оқу орындарындабілім алу үшін мемлекеттік гранттар тағайындау конкурсына құжаттар 13-20 шілдеаралығында қабылданады» деп хабарланды. Абырой болғанда, бұл жолы 086форматындағы медициналық анықтаманы тапсыру міндеттелген жоқ. Қазір ақжелеңділердің барлығы көрінбейтін «жаумен» күресіп жатқанда медициналықтексерістен өтуі керек жандарға қарар қайбір шамасы бар дейсіз. Министрліктіңбұл қадамын жөн делік. Бірақ талапкерлер бұл анықтаманы оқу жылы басталғанғадейін тапсыруы тиіс.

Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшасындашығармашылық емтиханға қатысу үшін құжаттар қабылдау 7 шілдеде аяқталатынытуралы хабар 6 шілдеде жарияланды (!). Құжат тапсыруға тек бір күн қалғануақытта. Бұл  шығармашылық емтиханғақатысты олқылық.

Биыл өтініштер egov.kz электронды үкімет порталы арқылығана қабылданады. Яғни бұрынғыдай жоғары оқу орнына барып, құжаттарды тапсырып,өтініш бере алмайсыз. Бұл білім ордаларында тек кеңес беріп, жөн сілтейтінтехникалық хатшылар мен консультанттар бар.

13 шілде – құжат қабылдаудың алғашқы күні электрондыүкімет порталына кіріп, өтініш қалдыру қиынның қиыны болды. Себебі мұнда тесттапсырушы туралы кейбір мәліметтер қате көрсетілген әрі ҰБТ сертификатыжүктелген жоқ. Ал бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының директоры ДидарСмағұлов: «Сертификатты жүктеп, қағазға шығарудың қажеті жоқ. Нәтижелерэлектронды базада бірден көрсетіледі», – деген болатын. Осы олқылықтыңкесірінен талапкерлердің көбі бірінші күні құжат тапсыра алмады.

Сайт жұмысы одан кейінгі күндері де оңбады. Оның ұзақуақыт жүктелетіні, сертификаттың жоқтығы былай тұрсын, талапкер түсуге ниеттікейбір мамандықтар тізімде болған жоқ. Бірінші кезекте аса қажет педагогика менмедицина мамандықтарының білім бағдарламаларының тобында болмауы тіпті ойғақонымсыз. Бұл мамандықтарға құжат тапсыру үшін алдымен тапсырылуы тиіс арнайыемтихандардың сілтемесі тағы жоқ. Әйтеуір, кейбір талапкерлер бір реттік парольнемесе өздерінің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеле бастады. Әйтседе олардың қуанышы көпке созыла қойған жоқ. Құжат қабылдаудың үшінші күні 18жасқа толмаған талапкерлер egov.kz порталына мемлекеттік гранттар конкурсынақатысу жөніндегі өтінішті ата-анасының ЭЦҚ арқылы ғана бере алады деген ресмиақпарат шықты. Ал бұған дейін талапкердің өз ЭЦҚ-сы арқылы тіркелген өтініші жарамсызболып қалды. Тағы да әуре-сарсаң, сабыр мен төзімнің сарқылауы. Ата-анасындаЭЦҚ жоқ балаларға, әсіресе ауылдықтарға тіпті қиын. Қазіргі күшейтілгенкарантин режимі кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына бірнеше күн бұрынхабарласып, кезекті алдын ала алып қоймасаңыз, бара алмайсыз. Сол портал арқылықашықтан алу да мұң. Ұлттық тестілеу орталығының call-орталықтарына хабарласуда мүмкін емес.

Портал жүктелмей, мамандықтар тізімде болмай, арнайыемтихандардың сілтемесі шықпағандықтан, жұртшылық жергілікті жерлердегіуниверситеттерге ағыла бастады. Бірақ жұма күні оларға министрліктен «Құжатқабылдамаңдар, ішке адам кіргізбеңдер» деген бұйрық түсіпті. Содан бірнешеконсультант шыжып тұрған далаға шығып, арнайы емтиханнан өту, тіркелу сияқтыережелерді, басқа да мәселелерді күн астында түсіндіріп тұр. Обал-ақ. Кеңесберушіге де, көмек сұрай келген талапкерге де.

Міне, құжат қабылдаудың алғашқы бес күні бес жылғататырлық болып осылай өтті. Тағы да сол шикілік, шалалық, толған былық.Айтпақшы, 14 шілдеде білім және ғылым министрлігі күшейтілген карантиндік режимкезінде талапкерлерге құжат тапсыру ыңғайлы болу мақсатында білім беругранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауды 20 шілдеден25 шілдеге дейін ұзартты. Билік мұндай қадам эпидемиологиялық жағдайғабайланысты жасалып отырғанын алға тартқанымен, бұл өз олқылықтарының орнынтолтырудың амалы екенін жалпақ жұрт жақсы түсінеді. Ендігі тілек – 25 шілдегедейін тағы да жаңашылдықтар енгізілмей, электронды порталда мәліметтердің дұрысорнатылуы мен бұл порталдың қиындықсыз істеуі. Әйтпесе талай түлек тегінбілімнен қағылып, сан соғып қалуы әбден мүмкін.

Мәриям МАҚСАТ

 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34