«Қалай қатынаймыз?»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

28.06.2021, 09:12

1071

Қарағанды облысында автопарктер жабылып, ауданға жүретін автобустар тоқтап жатыр

Әлемді шарпыған короновирустың салдары жолаушы тасымалына кері әсерін тигізіп, саланы құлдыратып жіберді. Ақтоғай ауданына Қарағанды қаласынан қатынайтын рейстік автобус тоқтап қалды. Ауылдағы ағайынның автобусты тосып жүргеніне үш айға жуық уақыт болыпты. Қымбатшылық қыспаққа алып, дағдарыс жағадан алып тұрғанда, автобустың қаладан қатынамауы жұрттың шамына тиіп тұр. Өйткені бұрын автобус билетінің бағасы 1600- 800 теңге көлемінде болатын-ды. Ал қазіргі уақытта таксилер қызметін үш мың теңгеге көтеріп жіберген. Жұмыс жасайтынының  айлығы шайлығынан артылмайтын, оның үстіне, көпшілігі жұмыссыз қараша үшін таксимен қатынау өте тиімсіз.- Бұрын автобус күніне Қарағандыдан екі рет келетін еді. Енді мүлдем келмейді. Ең құрығанда, аптасына екі рет келсе, соған рақмет деп айтар едік. Таксиді қалтамыз көтере бермейді, тіпті, кейде ауданға ауылдан келсең, такси жоқ болып, сабылып жүріп қаласың, өте қиын болып тұр, — дейді Ақтоғай ауданының тұрғыны Қорлан Марал.Бұрынғы уақытта осы Қызыларай ауылының тұрғындары Қарағандыдан Қаратал ауылына қатынайтын автобусты әрі қарай 20 шақырым жердегі Ақжарық ауылына созуды сұрап жүрген еді. Бұл мәселені облыстық билік пен аудандық билік шеше алмаған-ды.  Енді жұрт ауыл тұрмақ ауданға келетін автобусқа жете алмай зар қағып қалды. Бұл жағдай мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылған тоқал ешкінің кебін келтіріп тұр десе де болады.Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, «Манас» автопаркінің жабылып қалуы салдарынан бұл өңірге жүретін рейстік автобус 1 сәуірден тоқтап қалған. Мамандардың айтуынша, биліктегілер жолаушы тасымалын жалғастыру үшін тендер жариялаған. Алайда жолаушы тасымалымен айналысатын фирмалардың ешқайсысы бұл конкурсқа қатыспаған. Әрине, жолаушы тасымалындағыларды да түсінуге болады, өйткені қала мен Ақтоғай ауданы арасындағы жолдың сапасы өте нашар. Оның үстіне, сол жолдағы Қарағанды Балқаш автобанының ұзақ салынуы да жұрттың сілікпесін шығарған. Енді шенеуніктер Қарағанды — Ақтоғай маршрутына 31 мамырда мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсты қайта жариялаған екен. Оның нәтижесі 30 маусымда белгілі болады. Дегенмен аталмыш бағыт бойынша мәселені басқарма назарға аламыз деп сендірді.Соңғы жылдары жолаушы тасымалдайтын мекемелердің жұмысына пандемияның салдары ауыр тиіп тұр. Өткен жылы облыста тасымалданатын жолаушылар саны 64 пайызға төмендеп кеткен. Осының салдарынан, Қарағанды қаласында автопарктер жабыла бастады. Бүгінде жолаушы тасымалында жүрген үш жеке меншік автопарк жабылды. Бейресми деректер бойынша «5 -автопарк » сатылымға қойылған. Жолаушылар ағынының күрт төмендеуіне және тасымалдаушылардың шығынының артуы салдарынан облыста пандемия басталғалы 24 ауданаралық маршрут жабылып қалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15