«Қамалған бауырларымның босатылуын сұраймын»

11.06.2019, 22:23

118

Танымал эстрада әншісі сайлауға қатысты митингіге түскенқоғамдық белсенділерге араша түсті. Ол туралы әнші Instagramәлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Иә, мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осыуақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығымен үшін ең маңыздысы. Алайда, соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымныңқаны төгілсе, қарап қалмаймын. Өйткені, мені көтерген xалық! Елімде болыпжатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабырберсін!

Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚРКонституциясына сәйкес, мемлекеттің ең бірінші байлығы ол -халық. Халыққа қарсышығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда, үкіметтен барлық жанайқайынжеткізіп, қамалған бауырларымды, халықты босатуыңызды сұраймын!

Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естеншығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар. Бүлік шыққан мемлекеттердіңде оңғанын көрмедім. «Ашу ыза, ақыл дос» демекші, барлығына басқашақарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!», — депжазған әнші.

Қазақстанда 9 және 10 маусым күні сайлауға байланыстымитингтер өткен. Ресми мәлімет бойынша 700 адам ұсталды. 2015 жылы ҚайратНұртас «Нұр Отан» партиясына мүше болған еді.


Фото: stan.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06