Қамбаш көлі экотуризм орталығына айналады

19.09.2018, 19:00

3

Әдетте, «Қызылорда» дегенде ауа – райы өте ыстық,  дауылды күндері өте көп өңір көз алдымызға елестейтіні  рас. «Сыр маржаны» күріші мен Қорқыт ата облыстың тұтастай брендіне айналып үлгергені де қашан.  Алайда, бұл аймақта  табиғаттың тамаша сыйы болып табылатын – Қамыстыбас көлі де  бар. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер айрықша су айдынын «Қамбаш» деп атап кеткен. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойында орналасқан көлге жыл сайын келушілердің қатары көбейіп келеді.«Ішкі туризмнен қазір бюджетке нақты қанша пайда түсіп жатқанын айту мүмкін емес. Табыстың негізгі көзі – кәсіпкерлерде. Олар өз кезегінде мемлекетке салық төлейді. Біздің өңірімізде медициналық туризмнің жақсы дамығанын айтуға болады. Жаңақорған ауданындағы шипажайға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатыр. Болашақта тағы типтес санаторий ашу жоспарда бар. Сондай –ақ, «Байқоңыр» сауықтыру – туристік аймағын ашуды көздеп отырмыз. Қазір, зымыранның ұшу сәтін көруге туристер жан-жақтан келеді. Алда ауқымды жоспарлар бар», — деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Бағдат АЛИЕВ.Қамыстыбас көлі негізінен Қазалыға жақын болғанымен, Арал ауданының территориясына жатады. Облыс орталығынан шамамен 430 шақырым жерде орналасқан. Бастауын Сырдария өзенінен алатын Қамыстыбас көлінің жалпы  ұзындығы 56 шақырымды құрайды. ТМД елдерінің ішінде ең ірі су айдындарының бірі. Табиғаты қолайлы, суы мөлдір, әрі көптеген тері ауруларына дауа.Жазды күндері мұнда келіп, керемет демалыс ұйымдастыратын туристерді көптеп кездестіруге болады. Биылдың өзінде 89 мыңнан аса адам көлдің жағасында тыныққан. Олардың қатарына көрші Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласынан келгендер көп. Сондай-ақ Байқоңыр қаласының тұрғындарын да Қамбаштың жағасынан жиі көруге болады.Көптің көңілінен шыққан көлдің жағасында тынығушыларға қажетті жағдайлар жасалған. 2017 жылы Арал аудандық бюджетінен 4 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 1350 метр болатын ауыз су құбыры тартылды.[caption id=«attachment_17807» align=«alignnone» width=«1000»]«Ғалымдар Қамбаштың Арал теңізінен 2000 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Көлдің арқасында күн көріс қамын жасап жүрген жергілікті тұрғындар өте көп. Біреулер балық аулайды. Су тұзды болған соң, су маржанының дәмі де керемет. Балықтан түрлі тағамдар әзірленіп, келушілерге ұсынылып жатады. Соның арқасында қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы». – дейді «Қамыстыбас» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Алдаберген ИСАЕВ.[/caption]Осыдан 5-6 жыл бұрын көлдің жағасында киіз үйлер орналасқан болатын. Тынығушылар қалауынша жалдап, кәсіпкерлердің қызметін пайдаланатын. Кейін киіз үйлердің орнына барлық жағдай қарастырылған кішігірім ағаш үйлер салынды. Заманауи нысандарда өркениет игілігінің барлығы қарастырылған. Оларды тәулігіне жалдау құны 5 мың теңгеден басталады.  Жалпы, қазір мұнда 27 адам кәсібін дөңгелетіп, нәпақасын тауып отыр.Қызылордалық шенеуніктер Қамбаш көлін келешекте экотуризм орталығына айналдыруды көздеп отыр. Осы мақсатта, бірнеше жыл бұрын көл жағасында арнайы демалыс кешені салынып, пайдалануға берілді. Орталық 3 корпустан тұрады. Ішінде тынығушыларға қажеттінің бәрі бар. Қазір мұнда жол-жөнекей өтіп бара жатқан туристер мен жолаушыларға қызмет көрсетіледі. Сондай – ақ мектеп оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары жүргізіледі. Яғни, жеткіншектер әр пән бойынша тереңдетіліп білім алып, алдағы сынаққа еш кедергісіз әзірленуге мүмкіндік алды.«Демалуға келетіндердің ішінде туристер өте көп. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Шетел азаматтары көлімізді мақтап жатыр. Біз де өз кезегімізде оларға сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Ел абыройы бәрінен маңызды. Жыл сайын тұрақты түрде көлге түсуге келетіндер де бар. Дерттеріне шипа іздеп жүргендерге Қамбаш таптырмас демалыс орны болып отыр», — дейді «Қамбаш балаларды сауықтыру және қосымша блім беру» орталығы директорының орынбасары Гүлмира ТӘЖІДИ.    
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34