Қанат Бозымбаев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолын айтты

Сайт әкімшілігі

24.02.2022, 16:40

2381

Алматы облысында толық энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев  баспасөз мәслихатында  мәлімдеді. Қазіргі күні облыста  электр энергиясын тұтыну  730,65 МВт құрайды. Оның ішінде меншікті өндіріс 313,18 МВт, оның ішінде ЖЭК үлесі — 78 МВт немесе 25%. 2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Биыл  179,5 МВт құны 98,7 млрд.теңгені құрайтын 6 нысан іске қосылады.«Елімізде бірнеше жылдан соң, энергия тапшылығы болуы мүмкін. Жыл сайын энергия көздерін қолдану артып келеді. Сондықтан, бізде энергия қоры болуы тиіс. Әрине, халықта «Чернобыль» оқиғасынан кейін қорқыныш бар. Алайда, біз алға жылжуымыз тиіс. Мен қазір өңір басшысы ретінде станция салынатын орынды таңдауда көмектесуім керек. Ал, станция Балқаш та ма әлде, Ертісте салына ма білмеймін. Алайда, бұл мәселеге өте мұқият келу керек. Және де ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ал, елімізде неілктен атом электр станциясы салынбақшы. Себебі, бұл экологиялық таза  табиғи таза энергия. Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 114 МЫҢ ГА СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК

2025 жылға дейін өңірдегі 114 мың га суармалы жер қалпына келтірілмек. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымыбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті. Сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімін 35% арттыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 600 мың жаңа ажұмыс орны ашылмақ. Брифингте тәтті түбір мәселесі де айтылды. Биыл 200 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта суармалы жерлер мен каналдардың көлемін арттыру жоспарлануда. «Биыл 10-15 мың га қант қызылшасын көбейту жоспарлануда. Қос зауыттың қуаттылығын 800 мыңға жеткізу көзделген. Ал, 2025 жылға дейін  қызылшадан 500 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Ол үшін облыстағы шаруаларды қолдап, көмек беру керек. Сондай-ақ, Ақсу, Көксу қант зауыттарын толық қуатына жеткізу қажет. Сонда аймақта қант тапшылығы болмайды. » — деп атап өтті өңір басшысы. Жетісуда жалпы өңірлік өнімдегітуризмнің үлесі 6% — ға өседі

Алматы облысы туризм мен белсенді демалыстың алуан түрлері үшін қолайлы аймақ. Сондықтан да өңірдің туристік саласы қарқынды дамуда. «Дұрыс көзқараспен туризм саласын экономиканың толыққанды драйверіне айналдыруға болады. Басымдық Алматы тау кластерін, Алакөл және Балқаш жағалауларын, ұлттық табиғи саябақтардағы экологиялық туризмді дамытуға беріледі», –  деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Сондай-ақ өңір басшысы өз сөзінде Алматы тау кластері аясында жалпы сомасы 546,7 млрд. теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру және 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда екенін айтып өтті. Аталмыш жоба жүзеге асса,  2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 6% –  ға дейін артады.

Алматы облысында 3,3 млн. тонна вольфрам кені өндіріледі

Жетісу өлкесінде минералдық шикізатты өндіріп, қайта өңдеуге басымдылық берілмек. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев өзінің алғашқы баспасөз мәслихатында  мәлімдеді. Өңір басшысы облыстағы  ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.«Алғашқы ірі жоба – «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіру. Бұл жоспар Бұғыты кен орнында жүзеге асатын болады. Мұнда 94,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, салдарынан 400 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  Оның жобалық қуаты 3,3 млн. тонна кен өндіруге жетеді», – деді Қ. Бозымбаев. Жетісу жерінде іске асатын тағы бір маңызды жоба – «Көксай Мұзбел» ЖШС тау-кен байыту комбинаты.  Мұнда келешекте 25 млн. тонна мыс кені қайта өңделеді. Бұл мақсатта 650 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Комбинат іске қосылса 1200 адам жұмыспен қамтылады.

Алматы облысының әкімі қаңтар оқиғасы туралы ашық айтты.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында "Қаралы қаңтар» оқиғасын еш бүкпесіз  баяндап берді. Аймақ басшысына қойылған алғашқы сауал елді дүрліктірген тәртіпсіздікке қатысты болды. «Жаппай наразылықтардың алғашқы күндерінде мен халыққа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастадым. Бір сағат ішінде наразылық білдірушілерден  барлық проблемалық мәселелерді бірлесіп шешуге менің кабинетіме келулерін сұрадым. 30%-ы үйлеріне қайтты. Сол кездегі азаматтардың талап-тілектері әртүрлі болды. Айқай-шу, ашынған халық. Жергілікті билік өкілдері, менің орынбасарларым барынша олармен тілдесу жүргізді, — деді облыс әкімі.Алайда, аймақ басшысының айтуынша, 5 қаңтарда жағдай басқаша болды, тәртіпсіздікке  500 — ге жуық адам қатысты. Олардың көпшілігі – жастар, әкімшілік ғимараттарды қиратып, өртеп жіберді, тонау басталды. Облыстағы жағдайды тұрақтандыруға құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Қаңтар оқиғасындағы қақтығысқа 1500-ге жуық полиция қызметкері қатысқан. Оның 600-ден астамы түрлі жарақат алды.

Баспасөз мәслихатында қойылған кезекті сауал Талдықорғандағы Елбасы ескерткішін қайта қалыпқа келтіру  жайында болды. “Егемен Қазақстан” газетінің облыстағы меншікті тілшісі  қаңтар оқиғасы кезінде қираған орталық алаңдағы Тұңғыш президентке қойылған ескерткіш қайта қалпына келеді ме, — деп сұрақ қойды. Бұған облыс әкімі еш бүкпесіз жолданған сауалдың күн тәртібінде қарастырылмағанын айтты. Сондай-ақ ескерткіштің қайта жасалу мәселесі жергілікті билік тарапынан қарастырылмаған деді.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27