Қандастар көші кідірмеуі керек

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

20.04.2022, 17:29

860

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары шет жұртта жүрген қандастарды елге әкелуге үлкен бетбұрыс жасалды. Тұңғыш президент әлемдегі қазақтарды елге шақырып, келгендерге қажетті жағдай жасады. 1991 жылдан бері Отанға 1 миллион 77 мың 300 қандасымыз қоныс аударған екен. Өтпелі кезеңде ел экономикасы қиындыққа тірелсе де, осы бастамаға жыл сайын квота бөлініп, мемлекет оралмандарды баспанамен қамтамасыз етті, жер беріп, қаржылай қолдау көрсетті. Ол кезде валюта бағамы тұрақты әрі төмен болды. 3 бөлмелі пәтердің құны 3-4 мың доллардан әрі аспады. Қазіргідей жаhанды жайлаған қаржылық тұрақсыздық пен әлемдегі пандемия сыртқы көші-қон екпінін едәуір бәсеңдетті. Ал ол шеттегі бауырларға ата қонысқа бетбұруы үшін берілетін квота санын қысқартуға әкеп соқты. Мәселен, былтыр республикада 695 адам қандас мәртебесін алды. Өткен жылы небәрі 1426 адамға өңірлік квота берілген. Атажұртқа бүтіндей, ойысуды армандайтын қандастар әлі де көп. Алайда, оларды тарихи отанда қажетті көмек берілмеуі тоқтатып тұр.  

Адамды қай кезде де тұрмыс билейді. Қандастарды құшақ жайып, қарсы алып, жағдайын жайғастыратын ешкім жоқ. Бұрынғы 20-30 мың адамдық нөпірлі көш жоқ. Жылына 1300 қандас атамекенге табан тірейді. Еліміздегі ірі өңірлердің бірі Қарағанды облысы квоталық өңірге жатпайды. Бұл біз үшін зор қолбайлау болып тұр. Амал тауып, оралған ағайындар жаңа жерге келе сала, табанынан тозып, құлаш-құлаш құжат жинайды. Қандастарымызға баспана алу орындалмайтын қиял. Бір сөзбен айтқанда, атамекеннің топырағын басқан ағайын өз күнін өзі көруі керек. Кейбіреулері туыстарының, таныстарының көмегімен тығырықтан жол тауып, шығып жатыр. Бәрінен бұрын, мұнда демеушісі жоқ тәуекелшіл қандастарға қиын болып тұр, дейді дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының басшысы Меруерт Башай.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап, «қандастарды ақпараттық-қолдау» орталығы құрылды. Оралмандардың бейімделуіне жәрдемдесетін ресми ұйымның жанында «байланыс орталығы» мен өңірлік «фронт кеңселері» жұмыс істейді. Бірақ ол қандастардың қатпар-қатпар қиындығын бүтіндей, шешіп беріп отырған жоқ. Әлі де босағасы таңсық, сергелдеңге салатын  мекемелерге том-том құжат жинап, өткізу туысқандардың жүйкесін тоздырып, әрі күнкөрісінен айыруда. Осының қыр-сырын ілгеріде «Егемен Қазақстанға» газетіне берген сұхбатында ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрғасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов да көрсеткен болатын:

  • Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде қандастар мәртебесі көзделмеген. Ол үшін қазақ екенін растайтын құжатты ұсыну жеткілікті. Бірақ Қазақстанның азаматтығын қабылдау үшін заңнамада «қандастар» куәлігінің болуы шарт делінген, мұндай қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Қандас куәлігін тұруға ықтиярхат алғанға дейін де, одан кейін де алуға мүмкіндік бар, дей келе ол, оралмандар келген жерлеріне тұрақтап қалуы үшін бір ғана ішкі істер органдарына ұзын-ырғасы 8 құжат дайындап өткізеді, деп әрқайсын тізбелеп берген еді.

Отандық демографтар мен әлеуметтанушы ғалымдар шетелден келген қандастар ішкі халық санын өсіруге қомақты септігін тигізетінін дәлелдеп отыр. Себебі ел аумағына қоныстанған бауырлардың 60 пайызы еңбекке қабілетті жастағылар. Дейтұрғанмен қажырлы қандастар мемлекеттік жеңілдіктен шет қалып отыр. Оралмандар үшін басты түйткіл баспана екені аян.  Бұл тұрғыда белгілі құқық қорғаушы Зәуреш Батталова БАҚ-дың  бірінде:

Қазақстанға келетін қандастарды арнайы бейімдеу орталықтарына орналастыру қажет емес. Менің ойымша, аталған орталықтардың құрылысын тоқтатып, оның орнына әлеуметтік баспана салып, арендалық пәтер ретінде үлестірген жөн. Оларды тығырықтан құтқаратын мәселені осылай шешуге болады, деп, тиісті ведомстволарға ұтымды ұсыныс айтты.

Ендеше, түйткілді мәселені мәжіліс депутаттары естіп, үкімет есепке алса, оралмандар осы өзекті проблемадан құтылар еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01