Қанды қаңтардан қандай сабақ алдық?

Жарас КЕМЕЛЖАН

11.01.2022, 08:41

998

«Болған іске болаттан берік бол» дейді қазақ. Қанды қаңтар ешкімді аяған жоқ. Біреу баласынан, біреу асыраушысынан айырылды. Мемлекеттің тұрақтылығына сызат, халықтың сеніміне селкеу түсті. Тәуелсіздікті сақтап қалу оңайға түскен жоқ.

Өткен іс өтті. Ендігі жұмыс не болуы тиіс? Осы оқиғадан біз қандай сабақ алуымыз керек? Мемлекет не істеуі қажет? Осы сауалдарды тарқаттық.

Бірінші, мемлекет басшысы атап айтқандай, ең алдымен халықтың әлеуметтік мәселесін шешу қажет. Азаматтардың еңбекақы, жастардың жұмыссыздық, халықтың баспана, көпбалалы аналардың өтемақы мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет. Өндіріс орындарын ашып, отыз жыл жасай алмаған жаңа Қазақстанды құруға тиіспіз.

Екінші, діни топтармен жұмыс жасау қажет. Олардың бұрынғыдай талтаңдап жүруіне жол бермеу керек. Діни ағымдарды зерттеп, олардың сенімін, мақсатын айқындап, қайтадан тіркеуге алған дұрыс.

Үшінші, әскери салаға реформа керек. Қазақстанның қорғаныс саласындағы парақорлықты тізгіндеп, кәсібилікті шыңдау қажет.

Үшінші, қанды қаңтарға ресми баға беріліп, шынайы кінәлілер ашық айтылуы қажет. Арандатушылар кімдер, кімдер ұйымдастырды, бұл кімдердің немесе қай елдердің ойыны – осы сауалдар ашық айтылып, халықтың көңілінде күмән болмауы керек.

Төртінші, қарапайым халықтың қауіпсіздігі қолға алынуы керек. Мылтық, тапанша сияқты суық қарудың бәрі тіркеліп, кез келген қоғамдық орында қарумен жүргендер жауапқа тартылғаны дұрыс.

Бесінші, еліміздегі сәләфтер мен уахаббистердің серкелері ашық аталып, жауапқа тартылып, олардың жақтастары да назардан тыс қалмауы керек!

Алтыншы, мемлекет иесі қазақтардың ұлттық мәселесін шешу ең бірінші болып күн тәртібіне алынуы қажет! 

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38