"Қаншама том тарих жазсам да қазақты сақтап қала алмайды екен"

02.07.2019, 16:54

179

Бізге дамудыңдұрыс жолын көрсете алатын

ғылым бар ма?

(Сұрақтың қойылуы)

Қаншама том тарих жазсам да,

этнологияны да қанша ақтарсам да, қазақты

сақтап қалуға септігін тигізе алмайды екен.

Ж.Бабалықұлы

Ақылды сұрақ қоя білудің өзі ақылдылық пен

зерделіліктің маңызды және қажетті белгісі.

ИммануилКант

Бүкіл өмірін қайтсем қазағымды көктетем деп өткізген, үлкенжүректі, отаншыл азамат, зерттеуші Жағда Бабалықұлы Шығыс Түркістан қазақтарыныңтарихынан мол материал жинап, Әлкей Марғұланға барған екен. Әлекеңматериалдармен танысып, ғылыми құндылығын бірден танып, авторға солардыңнегізінде диссертация қоғауды ұсыныпты. Тақырыбын бекіттіріп, ғылыми жетекшімен көмекшілер тағайындауға, қорғауға шығуға қажетті барлық жағдайын жасауғаселбесіпті. Соған қарамастан, ақсақал «қаншама том тарих жазсам да, этнологияныда қанша ақтарсам да, бұлар қазақты сақтап қалуға септігін тигізе алмайды екен»деп, кетіп қалыпты.

Осы оқиғадан екі түйін түюге болады. Біріншісі, жүрегі«отаным», «халқым» деп қана соғып тұрған, ғажап адамның өмірлік философиясына қатысты.Онысы өмірінің мәнін қазақ халқының сақталуынан, оның көсегесін көгертуденіздегені көрінеді. Ол өзінің қолайына келіп тұрған, жеке басына тиімді жұмыспенайналысуды ысырып қойып, қиын және бұлдыр болса да, халқының келешегінің жарқынболуын қамтамасыз ететін іспен айналысуды қалап алып, қалған тіршілігін соғанарнаған.

Екінші түйін қазіргі қазақтың тағдырына қатысты келеліойларға бастайды. Шынайылығында қазақтың басына үйірілген бар қасіретінсейілтіп, дұрыс жолға түсіру үшін нендей шара керек? Шығармашылық қызметтің қайтүрі осы бір терең сұрақтың жауабына бастап апара алады? Расында да, қазақтың«мың өліп, мың тірілуінің» себебін, оны енді қайтып өлместей ету үшін не істеукерек екендігін ғылыми білімдердің қайсысы ажыратып бере алады?

Біз айтамыз:

— тарихыңды біл, өткеннің тәжірибесін білмей алға жылжуболмайды;

— ғылым мен техниканы меңгер – өркениет көшінен қалмайсың;

— дәстүріңді сыйла – сонда өзіңнің ұлттық болмысыңды сақтапқаласың;

— «алдымен экономиканы» өркендет – қарның тояды, киімің бүтінделеді,қайыршылықтан құтыласың;

— тіліңді дамыт, өзгелерге үйрет, өз еліңде басымдықтаболсын;

— мәдениетіңді көтер – сонда өзгелер сені сыйлайтынболады...

Иә, дұрыс-ақ. Осы бағыттарды ұстанып, жылжып келе жатқанымызғаширек ғасырдан асты. Солай болса да, «енді қайттық», «келешегіміз не болады»,«ел бола аламыз ба?» деген күдікті сұрақтардан арылған жоқпыз.

Елде білім беру жүйесі жұмыс істейді. Білім берустандарттары мен бағдарламалары жетілдіріліп, оқулықтар жазылып жатыр, жаңапедагогикалық технологиялар үнемі енгізілуде. Мектептер салынып жатыр.

«Қазақстан тарихы» пәні Республика мектептерінде бастауышсыныптарда (эпизодтық әңгімелер), негізгі мектепте (жүйелі курс), бағдарлымектепте (отан тарихының елеулі оқиғалары) және жоғарғы мектепте (тағы да толықкурс) ретінде төрт рет қайталанып оқытылады. Оның үстіне бағдарлы мектепте «қоғамдықбілім негіздері», «құқықтану», «дүниежүзілік тарих» пәндерін оқытуға бөлінгенсағаттар ҰБТ-ға дайындалу сылтауымен тағы да «Қазақстан тарихын» оқытуға жұмсалады.

«Алдыменэкономика» — соңғы ширек ғасыр ішіндегі биліктің басты ұранына айналғаны баршағабелгілі. 

Дәстүр және онысақтау, қазақ тілін дамыту, оны мемлекеттік мәртебесін толық атқара алатын деңгейгежеткізу, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту мәселелері қазақ баспасөзі қозғайтыннегізгі тақырыпқа айналғалы қашан? Аталған мәселелер бүкіл оқушы мен студентатаулының ғана емес, өзін зиялы санатына қосатын азаматтардың да отырса ойын, тұрсабойын билеген, негізгі өмірлік қызметіне айналған. Бұл бағыттарды жүзеге асыруғабюджеттен қыруар қаражат бөлініп отырады.

Солай болса да, осы және бұдан басқа да атқарылып жатқан қыруаржұмыстар елдің жағдайын көңіл көншітерлік ете алмай отыр. Бүкіл бұқараның еңсесінамбиваленттік екідайлық билеген. Атқарылып жатқан істер мен олардың халыққа нақтыберіп жатқан игіліктері арасындағы пропорциялылық күмәнді. Қарапайым көпшілік әлеуметтікқиындықтардан, бұқаралық-психологиялық депрессиядан арыла алмай келеді.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» зерттеуінен

(Жалғасы бар)



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31