Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды

Жарас ШӨКЕ

26.01.2022, 15:23

1349

Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды, оны белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова басқарады. Кеше осы қоғамдық комиссияның отырысы өтті. 

Айман Омарованың айтуынша, комиссия құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірді. Ол: «Біз тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Екі мыңнан астам қылмыстық іс бар. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда неге осындай қанды оқиға болды? Осыған баса назар аударамыз. Түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады, олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ, олардың кім екенін қауіпсіздік үшін жарияламаймыз», — дейді. Сонымен қатар, Айман Омарова жаппай тәртіпсіздікті өз көзімен көргенін айтты. Оқиға туралы: «Бесінші қаңтар күні сол жерде мен болдым. Түсірген видео да бар. Ол жерде ешқандай да бейбіт шеру болған жоқ. Мен оларды көрдім. Түрі қазақ сияқты, бірақ қазақша да, орысша да сөйлемейді. Кейбір жігіттердің тілінің диалектісі бар. Егер менің қолыма құпия ақпарат түссе, оны тергеу барысында айта алмаймын. Баспасөз мәслихатын өткізіп тұрамыз. Өзім әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып отырамын», — деді зеңгер. Баспасөз отырысында заңгер тергеудің барысына алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, тергеуді ҰҚК-ның адамдары жүргізсе, әділетсіздік болуы мүмкін. А.Омарова дәл қазір қанша адам тұтқындалып, қаншасы бостандыққа шығып жатқанын нақты айта алмады. Өйткені, күніне бірнеше адам босатылса, тағы бірнеше адам тұтқындалып жатқан көрінеді. Сондықтан, қазірше тұтқындағы азаматтар санын айтудың қиын екенін жеткізді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56