Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды

Сайт әкімшілігі

02.08.2021, 09:19

905

Алматылықтардың ең танымал демалыс орындарының бірі Қапшағай жағалауы бетон блоктармен жабылды. Бұл туралы Қапшағай қаласында, демалғысы келген туристердің бірі Facebook желісінде жазды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі су қойма неліктен жабылғанын білді.

Ирина Федосееваның айтуынша, ол жағалаудың жабылғанын 29 шілдеде көрген.

«Жағалаудағы жолдарда полиция бекеттері мен бетон блоктар бар. Қалалық жағажайлар мен аллеяларға баратын мүмкіндік жоқ. Мұны карантиннің күшеюіне байланысты деп отыр. Қаладағы дәмханалар мен демалыс орындары жағалауда бос. Қаланың бүкіл жағалауында сондай жағдай. Жеке базаларға қатысты жағдайды білмеймін», — дейді ол.

Kaztengritravel.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Қапшағай қаласының бас санитариялық дәрігеріне жүгінді. Лариса Ролдугина Алматы облысының санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес қалалық және ауылдық жағажайлар жұмыс істемейтінін растады.

«Халық көп жиналмауы үшін ауылдық және қалалық жағажайлар жабылды. Алайда Қапшағайдағы демалыс базалары Ashyq қосымшасы арқылы 50 пайыз толтырумен жұмыс істейді. Бұл жерде әрбір кәсіпкер санитарлық ережелердің сақталуына өзі жауапты болады және мониторинг топтар тексерген жағдайда жауап беретін нақты тұлғалар болады. Кәсіпкерлерге тиесілі емес қалалық және ауылдық жағажайлар бар. Тиісінше, бұл жерлерде адамдардың кластерін реттеу, қашықтықты сақтау мүмкін емес. Сондықтан олар жабылды.

Қаулыға сәйкес демалыс базалары 50 пайыз толтырумен жұмыс істейді. Уақыт шектеуі жоқ — демалыс немесе жұмыс күндері. Егер базаның құрамына жағажай кірсе, онда адамдар сол жерде демала алады. Егер бассейн болса, олар оны пайдалана алады. Егер адамдар жабық жағажайға баратын болса, онда бұл — олардың жауапкершілігі», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Лариса Ролдугина стационарда 80-нен астам адам жатқанын және Қапшағай тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қабылданған қажет шаралар екенін түсіндірді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08