"Қара жұма" атауы: бұл кімдердің тықпалап отырған идеясы?

Бифат ЕЛТАЕВА

01.12.2020, 18:18

1061

АҚШ-та пайда болған танымал «black Friday», яғни «Қаралы жұма» жеңілдіктер үрдісі соңғы жылдары бүкіл әлемге әйгілі болып, көпшілік асыға күтетін науқанға айналды.

Заты жақсы болғанымен, аты құлағымызға түрпідей тиетін қаралыға мағыналас «қаралы жұма» сөзін былтыр сенатор, Қазақстан Медиа альянсының жаңа жетекшісі Нұртөре Жүсіп «жомарт жұма» деп ұсынған болатын.

– Мағынасына келсек,  барлық дүкендердің жеңілдіктер мен жомарттық жасауы деген сөз болғандықтан, «жомарт жұма» деп атауға ұсыныс тастадым. Содан біраз адамдар «жомарт жұма» деп атап жүр. Дегенмен де, жалпы халық бұл атауды қолдап, атап кетсе тіптен жақсы болар еді. Мұндай нәрсені өзіміздің қазақ бауырларымыз бен қандастарымыз жалпызқазақтық шаралар енгізіп, айтып, қолдана берсек, басқа ұлттар да солай айта бастайды. Сол үшін құлаққа сіңісті, үйреншікті болады. Бірақ орыс тілінің ықпалында болғандықтан, әлі күнге жарнамаларда «черная пятница» деп қолданылып жүр. Сонда да қазақ ұғымына қазақы сөздерді біртіндеп енгізудің еш зияны жоқ, –дейді сенатор.

Ал «жеңілдіктер жұмасы» деген атауға ұсыныс тастаған журналист Ақбота Исламбек:

– Соңғы жылдары сауда орындарында Батыстан келген "қаралы жұма" деп аталатын науқан көбейіп кеткені жасырын емес. Бұл – үлкен жеңілдіктер басталатын «Black Friday” ұғымының тікелей аудармасы. Бірақ қазақ танымында жұма қасиетті күн болғандықтан, оны „қаралы“ деп айту ақылға сыймайды. Аударма – қыр-сыры мол күрделі іс. Сол себепті, кейде тікелей аудармаға сүйене бермей, менталитетімізге жақын түсініктерді алуға да болады. Мәселен, „жеңілдіктер жұмасы“ деген баламасын ұсынар едім. Ф.Котлердің „Маркетинг негіздері“ кітабын аудару барысында осы баламаны қолдандық. Әр түсінікті  қатып қалған аудармамен емес, пайымымызға жақын ұғымдармен алып үйренсек, халық та қазақтілді аударманың алға өрлеп келе жатқанын ұғынар еді, – дейді.

 »Қаралы жұма" деген атау дүкендер үшін құрдымға кетерліктей баға болғанымен, олар ешқашан сауда жағынан жеңілмейді. Керісінше, халыққа аты тиімді болғанымен, затын өз бағасынан артық бағаға сатып алуымыз да ғажап емес. Адамнан айла артылған ба, дүкен иелері ешқашан өздерінің саудасынан жеңілмейді. Сол себепті, құр жеңілдік атауына мән бермей, алданып қалмаңыз.

Жалпы, "қара жұма" атауының қазаққа, мұсылман қауымына жат екені бұған дейін де талай айтылды. Мысалы, әнші Алтынай Жорабаева жуырда бұған қатысты әлеуметтік парақшасында былай жазба қалдырды: 

«Күндердің сұлтаны — жұма. Көңілді жұма, керемет жұма. Міне, біз бұл күнді осылай мақтап, бүгінгі акцияларға да осындай атаулар беруіміз керек. „Қара жұма, қара жұма“ деп, ақыры қаралы жұма қылдық. Ауыздан үнемі шығатын сөз, өміріңде орын алады. Осы орайда маған ең көп қойылатын сұрақтың біріне жауап беріп өтсем деп едім. Аффирмация айтасыз ба? Иә айтамын және кеше бастаған жоқпын. Бұл менің өмір салтыма сіңісті болып кеткен дүние. Бұл кеше Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) „жақсы сөйле, болмаса үндеме“ деп өсиет еткен сүннет. Бабамның „жақсы сөз — жарым ырыс“ деп үйреткен өнегесі». 

P.S. Бұдан бөлек 2019 жылы  27 желтоқсанда (жұма күні болатын) елімізде Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан болатын. 

Осыдан кейін кейбір адамдар "Қара жұма" секілді акциялар «жамандық шақырады» осындайдан сақ болайық деген пікір білдірген.

Тегтер: қара жұма жеңілдік сату-сауда қара жұма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01