Қарағанды облысында бір адам суға батып қаза болды

31.03.2019, 16:42

90

29-наурыз күні Қарағанды облысында 56 жастағы Жаңаарқа ауданының тұрғыны суға кетіп қаза болды. Бұл туралы Жас Алаштың өңірдегі тілшісі хабарлайды.  

Марқұм кешке үйінеоралмаған соң туыстары аудандық төтенше жағдайлар қызметіне хабар берген.Куәгерлердің айтуынша, «отбасының асыраушысы атқа мініп, мал іздеугешыққан. Кейін Көктал деген ауылдың екінші бөлімі жағындағы Апаз деген өзеннен мәйіті табылған. Аты судан шығып,иесі шыға алмай қалған» екен.

Алайда, Қарағандыоблыстық Төтенше жағдайлар департаменті берген мәлімдемеде мәйіт өзеннен емес,даладан табылған.

«29-наурыз күні сағат 21:28-де Жаңаарқа аудандық ТЖ бөлімшесіне 1963 жылғы Атасу аулының тұрғынының жоғалғаны жайлы хабар түсті. 30-күні іздестірулер нәтижесінде 13:37 шамасында Атасу ауылынан 6 шақырым қашықтықтағы далада жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Қазір өлімнің себеп-салдары неден болғаны жайлы анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Бірақ, куәгерлердіңмына жіберген суреттерінен ер адамды судан төтенше жағдайлар қызметкерлері алыпшығып жатқанын анық аңғаруға болады. Болған жайттың анығын енді полицияқызметкерлері анықтайды.  Марқұмның артындақызы мен немелері қалды.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44