Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс жаңа қарқынға көшті.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.11.2021, 15:43

353

Тәуелсіздік алған жылдан бері  ел тарихында, өлкесінде ірі алпауыт компаниялар  кәсібін дөңгелеткен Қарағанды облысының орыны айшықты түрде қалды деуге болады. Сарыарқа өлкесі елдің индустриясы дамыған өңірінің бірегейі болып тұр.  Мамандардың пайымдауынша Қарағанды облысында 1991-2020 жылдар аралығында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 27,1 млн. теңгеден 3 трлн теңгеге дейін өскен. Өткенге көз жүгіртіп ел еркіндік алып еңсесін тіктеген жылдарға оралсақ, Қарағанды аймағында елдің индустриясына үлес қосқан кәсіпорындар көп ашылған. Облыста 1997 жылдан бастап ашылған бірегей кәсіпорындардың  бастылары, «Жалын кенішінен көмір өндіру және өңдеу кәсіпорыны», " Сарыарқа ENERGY ЖШС ", «Каз Метиз» ЖШС, Қоңырат мыс компаниясы, алтын өндіру фабрикасы АҚ АК" Алтыналмас", «Барит кенін қайта өңдеу өнеркәсіптік кешені Қаражал Оперейтинг» ЖШС, «Көктасжал » кеніші базасындағы тау -кен байыту кешенінің  құрылысы  және эксплуатациясы Алтай Полиметал  " ЖШС өндіріс орындарын атап өтуге болады. Осындай кәсіпорындар ел экономикасының ілгерілеуіне септігін тигізсе, қараша халық үшін табысын табатын күнкөріс орнына айналды.Елімізде шикізатқа тәуелділіктен құтылып, экономиканы көтеру үшін 2010 жылы үдемелелі индустриальды — инновациялық  даму мемлекеттік бағдарламасын жүргізу қолға алынды. Осы бағдарлама аясында 2010-2020 жылдары облыста құны 387,3 млрд. теңгені құраған 94 жоба жүзеге асты. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында аймақта маңызы жоғары 6 жоба іске қосылған болатын. Бұлардың   ішінде ең ауқымдысы ол   Жайремдегі кен — байыту фабрикасы және жолаушы тасымалына қажетті автобус шығаратын  «Qaztehna» ЖШС кәсіпорындарының өз жұмыстарын бастап кетуі еді. Айта кетер бір жайт облыста бұрын соңды Қазақстанда болмаған кәсіпорындар өз жұмысын бастады. Ол теміржолдың бетонды шпалын шығаратын зауыт, болат арқандармен тау -кен байыту, металлургиялық өндіріске қолданылатын  сым шығаратын және  автобус пен арнайы техника жасайтын кәсіпорындардың ашылуы.Сонымен қатар өңір дамуына  қарқын берген жобаның бірі ол 2011 жылы инвесторларға алаң болып құрылған «Сарыарқа » әлеуметтік экономикалық зонасының ашылуы болды. Биылғы жылы Осакаров ауданында жоғары сұрыпты әк тасын  шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Мамандар болашақта бұл зауыт өнімін ел ішіне ғана емес шетелге де сатылымға шығарады деп отыр. Мұнда 300 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.«Бұл облысқа 30 млрд теңге инвестиция алып келетін маңызды жоба. Ең бастысы бұл зауыт қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп үшін сұранысқа ие өнімді шығаратын болады. Әрі бұл зауытта жаңа жұмыс орындары ашылып Оскаров ауданының дамуына өзіндік үлесін қосатынына сенемін »,- деп мәлімдеме жасаған болатын Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:54
Қайта құрудан егемендікке дейін: Теміртауда «Өзгерістер уақыты» көрмесі ашылды
Сайт әкімшілігі 12:52
Жезқазғанда «Мен – Жас Қазақстандықпын» қала жастарының форумы ұйымдастырылды
Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30