12.09.2019, 14:03
138
Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары мен Қарағандыоблысының еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторына пара алдыдеген айып тағылуда. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңбаспасөз қызметі хабарлады.
«Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпара алды деген күдікпен әкімшілік пен еңбек инспекциясы басқармасыныңлауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.
Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары 200 мың теңге параалды деген күдікке ілінген. Әкім орынбасары жер комиссиясының төрағасыболғанда, жер телімін ұзақ мерзімге жалға алу мәселесін оңтайлы шешіп бергені үшін жалға алушыдан қаражат сұраған. Ал«қара тізімге ілінген» екінші шенеунік Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттікинспекторы. Оған қатысты 20 мың теңге пара алды деген күдік бар. Бұл инспекторкәсіпорын жұмысындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға қатысты оқыту курсыныңсертификатын оқуға қатыспаған адамға сатпақ болған.
Бүгінде шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі дежалғасуда. Күдік тағылған мемлекеттік қызметкерлердің қаншалықты кінәсі барынсот анықтайтын болады.
Айта кету керек, осы демалыста Жаңаарқа ауданының тоқсанжылдық мерейтойын шенеуніктер дүркіретіп өткізгелі жатыр. Осы той қарсаңындаЖаңаарқа ауданы әкімі орынбасарының басы дауға қалғаны қалай болар екен...
Фото: coe.int
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР