Қарағандыда балабақша директоры қарамағындағылардан ақша бопсалаған

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

04.02.2021, 16:16

1317

Қарағанды қаласындағы «Балауса» балабақшасынан шу шықты. Мұнда жаңадан тағайындалған директор өз билігін білгенінше пайдаланып қалуға тырысқан сыңайлы. «Басшымыз бізден ақша бопсалап алды, тіпті қызметкердің бірін соққыға жықты», – деген балабақша мамандары арыз-шағымын әлеуметтік желіге салып, білім саласының басшыларынан араша сұрауда. Жазылған шағымға 19 маман қол қойып, наразы пікірлерін білдірген.

        «Балауса» балабақшасына бұл директор өткен жылдың қарашасында ғана тағайындалған екен. Басшылық балабақша мамандарына жаңа жыл алдында мемлекет тарапынан төленген сыйақыны өзіне қайтаруды талап еткен. Айтуларынша,  мемлекеттік мекеменің аудармашылары алған сыйақыны  директор кейін өзіне қайтарып алған.  Тіпті бұл қаражат жоғарыда отырған мамандарға қажет деп түсіндірген. Басшысынан қорыққан  әрі жұмысынан айырылып қалмауды ойлаған кейбір мамандар мемлекет берген қаражатты ұстата салған. «Директор аудармашылардан алдап сыйақыны өзіне қайтарып алды. Әрі қарай мұнымен тоқтамай, экономист пен аспазшыдан ақша бопсалады. Ол бұл қаражаттың қалалық білім бөліміндегі мамандарға сыйлық жасау үшін қажет екенін айтқан», – деп жазады  шағым білдірген бір топ маман.        Балабақша директоры өзіне қарсылық көрсеткен маманның біріне жұдырық ала жүгірген. Ол мамандарға өзінің жаңа команда жинайтынын, сөйтіп, біраз маманды жұмыстан кетіретінін мәлімдеген.        Дау-дамайға қатысты қалалық білім бөліміне сұрау жолдаған едік. Мұндағылар аталмыш жайтқа қатысты қызметтік тексеріс жасалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар балабақша директоры өзі тағайындалған уақытқа дейін мектепке дейінгі мекемеде орын алған заңсыздыққа қатысты шағым жазып үлгеріпті. Енді қалалық білім бөлімі оқиғаның ақ-қарасын  анықтаймыз деп отыр.       Қарағандыда бұған дейін де балабақша былығына қатысты жағдайлар орын алған-ды. Былтыр «Айналайын» балабақшасының мамандары да «бастықтан көресіні көрдік» деп зар қаққан еді. Мұндағы бастық мектепке дейінгі мекемеден отбасы үшін және өзінің қонақтарына тамақтың ең дәмдісін алып отырған. Тіпті ол балабақша мамандарына өз үйінің жұмысын жасатып, қолбала қылып алған-ды. Осы шудан кейін қалалық білім бөлімі ол директормен еңбек келісімшартын бұзған болатын.

Тегтер: пара жемқорлық бопсалау мәселе балабақша

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06