Қарағандыда «Бақытты отбасы» келеңсіздікпен басталды

24.07.2019, 22:16

51

Қарағандыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталады. Бүгінде2 пайыздық мөлшерлемемен үй алу бақытына ие болғысы келгендерден құжат қабылдаунауқаны басталып та кетті.

Қарағанды өңірінде бұл науқан  келеңсіздікпен басталды деп айтса да болады. Тұрғынүй  бағдарламасы арқылы үй беретін бұлбастамадан үміттенген он шақты көп балалы ана Октябрь ауданындағы Жаңа Майқұдықмәдениет үйіне жиналған. Көп балалы аналар Қарағанды қаласының және Октябрьауданының әкімшілік мамандарына өздерінде қордаланып жиналып қалған арыз-шағымдарынбілдірген болатын. Үй  алғысыкелетіндердің пайымдауынша «Бақытты отбасы» бағдарламасының 60-70 мың теңге  жалақымен әзер күн көріп отырған  тұрмысы төмен отбасылар  үшін қолайсыз тұстары бар екен.


— Қызым 75 мың теңгежалақы алады, екі баласы бар, жұбайы жоқ, толық емес отбасы ретінде осыбағдарламаға құжат өткізбек болған еді. Мені қынжылтып отырғаны қызыма жаңадансалынып жатқан үйден пәтер алсаң  алғашқыжарнаны төлеуге мемлекеттің көмектесетінін айтады. Ал қызымның жалақысы аз, 9млн теңгеге 1 бөлмелі пәтерді ғана ала алады. Жаңа үйлердің бағасы қымбат қой. Алосы 9 млн теңгеге ескі үйлерден екі-үш бөлмені алуға болады. Солай алайын десе «ондаалғашқы жарнаны өзің табасың», дейді. Мен айтам, құдай ау бұл тұрмысы төменотбасына көмек үшін жасалып отырған бағдарлама емес пе, неге пәтерге зәруадамдарға қолайсыз шарттар ойластырған, — деп қынжылады «Жас Алаш» сайтыныңтілшісіне сұхбат берген қала тұрғыны Алтынай АЙСАНОВА.

Сонымен қатар мәдениет үйіне құжат өткізуге барғандардыңішінде «бір несиеге қарамай, құжатымыздыала салса қайтер еді, қазіргі қазақтың барлығында несие бар оны жоққа қолымызжетпеген соң алдық емес пе?»деп шағым білдіргендер де болды.


Қарағанды қаласында Бақытты отбасы бағдарламасына құжатқабылдау  22 шілде мен 26 шілдеаралығында жүзеге асырылады. Несиенің ең жоғарғы сомасы 10 млн теңге, мерзімі20 жылға дейін. Бұл бағдарламаға көп балалы отбас, кәмелетке толмаған балаларыбар толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларқатыса алады.

Шенеуніктердің айтуынша мәдениет үйіне келгендердіңішінде екі тұрғын ғана бұл бағдарламаға қатысты наразылығын білдіріпті.

— Біз барлығыменсол жерде сөйлестік, мамандар көріп құжаттарын қабылдады. Тек екі адамныңқұжаттары толық емес екен, оны біз ескерткен едік, содан наразы пікірлерайтылды. Егер біз сол жерде құжаттарын қабылдай салсақ ертең банкке барғандатағы тексереді де кері қайтарады ғой, сосын тағы әкімшіліктегілер айтпадыдейді. Жаңа үйден алса алғашқы жарнаны төлеуге мемлекет көмектеседі, бірақекінші деңгейдегі үйден алам десе өзі алғашқы жарнаны табуы тиіс. Несиесінжаппаса тағы болмайды, қойылып отырған талап бар, дегенмен шағым айтқандардыңмәселесін шешіп жатырмыз, — деп мәлімдеді Қарағанды қаласының тұрғын үйқатынастар бөлімі бастығының орынбасары Әсет АЛДАБЕРГЕНОВ.

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында 600 көп балалы анабаспана кезегінде тұр. Бүгінде «Бақытты отбасы» бағдарламасына үш жүзден астамотбасы құжат тапсырған. Бағдарламаның талабына шағым білдірген АлтынайАйсанованың айтуынша, бір топ аналар осы аптада бұл мәселені қалалық маслихатдепутаттарының алдында көтермек.

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:30
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты
Еркежан АРЫН 18.01.2021, 17:16
Қорқытып, айыппұл салмай, құқық бұзушылықтың алдын алу керек
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:57
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:11
Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:07
24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33