Қарағандыда бір айдың ішінде 250 мал бурцеллез ауруына шалдыққан

12.04.2018, 23:27

122

Төрт түлікпен күндерін көріп келе жатқан Жанаарқа ауданыныдағы Түгіскен ауылының тұрғындары ауруға шалдыққан малдарының жарты бағамен өтіп жатқанына наразы. Ауылда малдың өнімімен тиын тебендерін шығарып отырған 20 жанұя бұдан бұрын кеселге қатысты дәрі дәрмек егілмегенін айтып шағым түсіруде.-Қораны осы күнге дейін залалсыздандырған жоқ. Ауруға шалдыққандардың құлағына ен салып бірден алып кетіп жатыр. Алдын ала еш оқшаулаған да жоқ. Келісі 750 теңге жарты бағасына кетіп отыр. Біріншіден біз бағасынан ұтылып отырмыз,- деді ауыл тұрғыны Медет СӘДЕНОВ.Сонымен қоса кесел ауылға осыдан үш жыл бұрын кірген. Бірақ, ауыл тұрғындарының кейбірі малдарының ауру екенін жасырып келген. Сондықтан, мамандарға дертті анықтау қиындыққа соққан деп ақталған ауыл басшысы Өмірғали КЕНЖЕТАЕВ аурудың күрт көбейіп кеткенін тұрғындардың өздерінен көріп отыр.-Ауру малдардың бар екенін тұрғындар жасырып келген. Олар өз күштерімен емдемек те болған. Бруцеллезбен ауырған малдың көзі жойылу керек. Біз табыншыларға бәріне ескертіп отырмыз. Анықталғаннан кейін ол малдың басына белгі қойылады. Б деген. Бруцеллез. Оны басқа адамдар білуі керек. Яғни, 15 күн ішінде ол малдардың көзі жойылу керек. Ауылда тексерістен өткен  8900 бастың 57-сінен осы кесел анықталған. Оның 43-і жойылды. Қалған 13 ірі қара оқшауланған күйде тұр. Ал ауру сиыр тұрған қоралар тексеріс аяқталған соң ғана тазартылады, — дейді ауыл әкімі.Жүк көлігіне жаппай мал тасығандардың іс әрекетіне наразылық білдірген тұрғыдар төрт түлікті қожайындарынан қорқытып күшпен алып кетіп жатқандарын жасырмады.-15 күннің ішінде малдарыңды өткізбесеңдер әкімшілік жазаға тартыласыңдар, 15 тәулікке қамаласыңдар дейді. Бұлар елді қорқытып, малдарын әкетіп жатыр,- дейді ашынған ауыл тұрғыны Әбдірахман БЕКМҰСИН.Атқа мінерлер ауруға шалдыққан малдар жойылғаны үшін нарықтық бағадан мемлекет есебінен 30 пайыз төленетінін айтып отыр. Дегенімен, қатаң бақылауға көшкен жауаптылар ауруды жасырып қалған тұрығындар болса қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын да жасырмады.

Айман Сағатай, Қарағанды облысы

Фотолар автордікі. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44