Қарағандыда бірде-бір шенеунік Тәуелсіздік монументіне келген жоқ

16.12.2019, 13:59

98

БүгінҚарағанды қаласында мерекелік атмосфера сезілген жоқ. Облыс әкімі ЖеңісҚАСЫМБЕК тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні астанадан келген орденмен медальдарды таратып тастаған. Мәдени шаралары да алдын ала өтіп кетті.


Облысәкімдігі жанындағы Тәуелсіздік монументіне санаулы ғана адамдар келіп, азаттықжолында шаһит болған барлық құрбандардың әруағына құран бағыштады. Еліміздің еңұлық мерекесінде қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ пен облыс басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІкөзіміз шалмады. Елорда мен Тұңғыш Президент күнін атап өтуді әсте ұмытпайтыншенеуніктер Тәуелсіздік күні әдеттегідей жоқ.


Басқамерекелерде қарағандылықтар орталық саябаққа жиналады. Ән айтылып, халықабыр-сабыр болып жатады. Қазір азат мемлекетіміздің басты мейрамын айғақтайтынешқандай белгі жоқ. Мұнда тек сенделіп жүрген полиция қызметкерлерін ғанакөресіз. Сосын саябақтың қарын күреп, оны сыртқа тасып жүрген жүк көліктеріжүрді. 


Әдетте қысты күнгі мерекелерде концерт өтетін Кеншілер сарайы да жабықтұр.


«Бүгін ұлы мереке. Бірақ ол сезілмейді. Кеше түнде бүкілқаланы шарлап шықтым. Бұрын плакаттар тұрушы еді. Қазір ол да жоқ. Дарылдатыптрактормен қар тазалатып қойған. Бұл не масқара? Кеше қарды тазалатып қоюғаболады ғой. Түсінем желтоқсанның бұл күндері ауыр. Еске боздақтарымыз түседі.Алайда, азаттық бәрінен құды ғой. Оған деген құрмет ерекше болуы тиіс», — дейдіқоғам белсендісі Айтқожа ФАЗЫЛ «Жас АЛАШ» тілшісіне.


Фотолар автордікі.




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?
Сайт әкімшілігі 12:00
Мәжіліс көлік ұрлаумен күрес туралы халықаралық келісімді қарастырады

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президетінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30