Қарағандыда «Древний Рим» оқиғасына қатысты сот басталды

04.09.2019, 12:12

174

Қарағандыда жылдың басында үлкен шу туғызған «Древний Рим»оқиғасы бойынша сот отырысы  басталды.Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісі хабарлайды.

Сот Қарағандыдағы АК 159\1 түзеу мекемесінде өтті. Мұндасотқа 13 күдікті қатысты. Оның он екісі қамауда отырғандар болса, бірайыпталушы кепілдікке мүлік қою арқылы бостандықта жүргені еді. Тағы бір күдікті Ресейде қамауда отырған  Нарек ГУРУРЯН. Ал жанжал кезінде соққы алып  зардап шеккендердің саны шамамен тоғыз адам.

Еске сала кетсек, 2019 жылы жаңа жыл кешінде Қарағандықаласындағы «Древний Рим» мейрамханасына келушілер арасында жаппай төбелес болған. Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған 23 жастағы Рақымжан ЖАНСЕЙІТ сол жерде көз жұмды. Тағы үш адамжарақаттанып, ауруханаға түскен болатын.

Қылмыстық іс бойынша сот материалдары 63 том. Сотбарысында күдіктілердің  қорғаушыларыныңбасым бөлігі  істің әділ  тергелмегенін әрі көптеген түсініксізжайттардың бар екенін айтты. Сондай-ақ адвокаттар кейбір күдіктілердің кісіөліміне қатысының жоқ екенін айтып, дәлелдеп бақты. Сөйтіп қорғаушылар істіқайтадан тергеуге жіберсін деген өтініш тастады.

Күдіктілердің ішінде Каир НАДИРБЕКОВ деген азамат өзінетергеу кезінде полиция тарапынан қысымның болғанын мәлімдеді.

«Үйімді полициятінткен кезде  сәнге қойып қойғанпышағымды айғақтардың арасына салып жіберді.Тергеу кезінде атын толық білмеймінбір полиция қызметкері мені ұрып, соғып қысым көрсетті»,-деп мәлімдеді күдіктіКаир Надирбеков.


Сот барысында судья Шарип СЕЙСЕМБАЕВ бұл күдіктініңмәлімдемесіне қатысты жеке шешім қабылданатынын мәлімдеді.Мемлекеттік айыптаушыӘділ ДӘУІТОВ қылмыстық істің заңдық нормаларды бұзбай, тергелгенін айтып өтті.Сотқакелген күдіктілердің туған туыстарыда әділ тергеу болған жоқ деп қапаланады.

 «Мен көп нәрсені айтқым келеді. Бірақ барлығынбалаларым үшін айта алмаймын. Бір айтарым қаза болған жігіттің  ата-анасына қайғырып, көңіл айтамын.Олардыңбаласын өлтірсе, менің балама  жазықсызжала жауып отыр.Ия, менің балам бұзақылық жасап төбелеске қатысты, бірақ кісіөлтірген жоқ. Менің қолымда бейнебақылау камерасының жазбасы бар жәнесараптамамыз тұр. Кісі өлтіруге қатысқан адамның бойы ұзын болса менің баламныңбойы қысқа әрі ол солақай.Бірақ әзірге әділдік болмай тұр»,-дейді күдіктіНурлы ЮСУПТЫҢ анасы Сара МУХТАРОВА.

Жаппай  төбелестеқаза болған Рақымжан Жансейіттің әкесі Бақытжан ЖАНСЕЙІТОВ соттан кейін «барлық күдікті жазықты емеспін деп отырсонда менің баламды кім өлтірді»деп қынжылды.


«Бүкіл адвокат  мынау кінәлі емес, ананың жазығы жоқ дейді. Сондакім кісі өлтіруші болып шықты. Дегенмен түсінем әлі сот аяқталған жоқ қой. Бірақменің көкейімде тұрған бір сауал бар. 37 адамнан неге 14  күдікті ғана шықты. Біз бейнебақылаукамерасына төбелес кезінде түсіп қалған сол жақтың 37 адамын санадық. Бірақсоның ішінде әйелдерін, арашалап жүрген адамдарды алып тастадық.Тіпті құрыпкеткенде 20 адам күдікті болып шығуы керек еді ғой. Ал Ресейдегісі әліжеткізлген жоқ. Менің баламның өліміне кім кінәлі, солардың әділ жазасыналғанын ғана қалаймын»,- деп мәлімдеді Бақытжан Жансейітов.

Тараптарды тыңдаған соң судья сотты 6 қыркүйеккеқалдыратын болып шешті. Сол кезде судья қылмыстық істі қайта тергеуге жіберемежоқ па, сол жағына қатысты шешімді айтатын болады.

Фотоларавтордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58