Қарағандыда Ленин көшесін қызыл тумен қорғады

13.01.2020, 17:02

220

Бүгін Қарағандыда көше аттарын өзгертуге қатысты қоғамдықтыңдау өтті. Кеншілер қаласында өткен бұл қоғамдық тыңдауға мыңнан астам тұрғынкеліп қатысты. Үлкен залға сыймаған халыққа  шенеуніктер екінші залдыашты. Биліктегілер халықтың сұранысымен әуелгіде  мағынасы ескірген он бір көшенің атын ауыстыруды күн тәртібіне шығарған. Алайда қоғамдық тыңдаудаон көшенің атын өзгертуді ұсынды. Мамандардың айтуынша, Черкасская көшесініңатауын өзгертуді техникалық себептерге орай кейінге қалдырыпты. Айта кетукерек, өзгертуге қойылған көшелердің басым бөлігі тарихимағынасы жағынан ескірген орыс тіліндегі атаулар. Қаланың орталық көшесініңбірі Ленинге Абай есімін беру, Защитная көшесіне Потанин, Кувская көшесінҚазыбек Нұржанов, Приканальная көшесіне Сарыарқа атауларын беру тәрізді онкөшенің атауын өзгертуге дауыс берілді. Дауысберу кезінде халық «Ленин керек емес, Абай көшесі деп аталсын» депұрандап кетті. Жиналған халықтың басым бөлігі көше атауларын өзгертудің уақытыкелгендігін айтты. Бес-алты қала тұрғыны ғана «Ленинге» арашатүсті.
«Ленин біздің тарихымыз. Оның еңбегі бар. Сондықтан аты қалсын», — деп еді қала тұрғыны Нина СЕРОВА халық шулап сөзін аяқтатпай тастады.
Қоғамдық тыңдалу кезінде қазақша білмейтіндіктен орысша сөйлеген  қалатұрғыны  Ержан РЫСПАЕВ «қаншамақаражатты босқа көше атын өзгертуге жұмсағанша, аялдамаларды жөндеп жолдыңсапасын жақсартпайсыңдар ма», — деп наразы пікірін білдірді. Бұған қарсы шыққандаркөп болды. Топ арасынан ортаға шыққан кәсіпкер Ерлан ӘШІМОВ «кәсіпкер ретінде қаншама қаражатты салыққа төлеп отырған адаммын, егер қажет болса осыкөше атауларына кететін қаражатты мен төлеп берейін», — деп ұсыныс тастады.


Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша жиналған жұрттың барлығы дерлік көшеатын өзгертуге дауыс берді. Шенеуніктердің айтуынша, көше атауы өзгергендесонда тұратын тұрғындар қаражат жұмсамайды. Бюджеттен бұл шығындарды өтеуге үшжарым млн теңге бөлінеді.

«Енді бұл қоғамдық тыңдаудың қорытындысын облыстықмаслихаттың қарауына жібереміз. Мұндағы депутаттар қарсы болмайды дегенойдамын. Содан кейін бұл шешімді Республикалық ономастикалық комиссияныңқарауына жібереміз. Соңғы шешім сол жерде қаралады.Бұған шамамен үш-төрт ай уақыт кетеді деп ойлаймын»,-деп мәлімдеді қалалық мәслихат хатшысы Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ.

Бір қызығы Кеңестік империяның көзін көрген бір қария қоғамдық тыңдауғақызыл ту ұстап келіп жалғыз өзі оны жалаулатып жүрді.


Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29