Қарағандыда қамауда отырған азамат көз жұмды

15.07.2019, 14:30

149

Қарағандыоблысының Осакаров ауданында қамауда отырған 37 жастағы Центральное ауылыныңтұрғыны Сергей МАЛАЙДЫҢ денсаулығы күрт нашарлап, жан сақтау бөлімінен бір-ақшыққан. 10 шілдеде аудандық ауруханада оған ота жасалғанмен, өрімдей азаматтыңөмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

СергейМалайды 2 шілде күні полиция қамауға алған. Сергейді ауылдастары соққығажыққан, олардың ар-намысына тиетін сөздер айтты деген айыппен тұтқынға түсіпті.Бейресми деректерге қарағанда, сол күні қамауға алынған Сергей денсаулығынашағымданып дәрігер көмегін сұрапты, алайда жедел жәрдем бұл күні көмеккөрсетпеген. Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметініңмәліметінше бұзақылық жасап, өзгелерді боқтағаны үшін Сергей Малайды Осакароваудандық соты 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. Соттан кейін бұлазаматты полиция қызметкерлері Осакаров аудандық ауруханасына апарып дәрігерліктексеруден өткізген. Осыдан кейін марқұмды қайтадан изоляторға қамауғажіберген. Алайда оның жағдайы жақсармаған.

Полицияқызметінің мәліметінше 8 шілдеге дейін бірнеше рет бұл жерге жедел жәрдемшақыртып отырған. Ақыр соңында Сергейдің хәлі қатты нашарлағанда ғана ақхалатты жандар оны ауруханаға алып кеткен. Полиция департаменті баспасөзқызметінің таратқан ақпараты бойынша аталмыш азаматты қамау изоляторындаполиция қызметкерлерінің ұрып-соғу фактісі анықталмапты. Қайғылы жағдайғабайланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317 бап, 3 бөлігі бойынша, яғни, медициналықжәне фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаусалдарынан абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру бабы бойынша іс қозғалыптіркеуге алынған.

Жеделжәрдемнің не үшін марқұмды ертерек ауруханаға әкетпегені және бұл азаматтың денесіне ауылда кімдердің жарақат салғаныанықталуда. Тиісінше сараптама жасау тағайындалып сотқа дейінгі тергеужүргізілуде.

Ал бұлмәселеге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексерудіңжүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Жедел жәрдем қызметінің шақырту түскен дыбыстықжазбалар тексерілуде.

Фото: turkystan.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15