Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

25.02.2021, 16:42

1607

       «Қазақтың тойы бітпесін» деген ұстанымнан айырылғысы келмейтін халықтың бір бөлігі елді жайлаған кеселге қарамастан, топтасып жиналып, той тойлауды доғарар емес.        Қарағандыда анасының 80 жылдығын дүркіретіп мейрамханада тойлаған облыстық сот судьясының қылығы әлеуметтік желіге тарап кетті. Облыстық соттың судьясы Естай Исабеков 21 қаңтарда «Рубин» мейрамханасында анасының туған күнін тойлапты. Судьяның  қанша адамды жинап қонақ қылғанын ресми орындар нақты айтқан жоқ. Дегенмен судья Естай Исабеков күтпеген жерден кіріп келген мобильдік топ өкілдеріне дөрекілік танытқан. Судьяның сөзі мобильді мониторингтік топ өкілінің бейнежазба түсіретін жетонына түсіп қалған. Бейнежазбада Естай Исабековтің «бұл залға неменеге қадалып қалдыңдар, ар жақтағы залда прокурорлар да  отыр, есікті жабыңдар, масканы шешіп сөйлес» деген сөздері анық естіледі.        Айта кету керек, судья қаңтарда той тойлаған, ал мониторингтік топ бұл оқиғаны жұртқа жариялауға аса асыға қоймаған. Жаза басқан жанның тағдырына үкім оқитын судьяның бұл қылығы әлеуметтік желіге тарап кетіп, қызу пікірталас туғызды. Желі қолданушыларының кейбірі  заң сақтауды талап ететіндердің  заңды белшеден басуы әділетсіздік деп есептеді.Дегенмен жолы болған судья айыппұлдан құтылып кетті. Өйткені оның жазығы жоқ екен. Анасының мерейтойын оның ағасы жасапты.  Судьяның ағасына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салыныпты. Сондай-ақ той жасауға рұқсат берген  мейрамхана басшысы 600 мың теңгеден  астам  айыппұлды бюджетке төлейтін болады.       Ал «судьямын» деп, мейрамханада өзін еркін сезінген Естай Исабековке қатысты бейнежазба бойынша  облыстық сот қызметтік тексеріс жүргізгенін хабарлайды. «Тексеру материалдары Қарағанды облысы бойынша Судьялар одағы филиалының сот әдебі жөніндегі комиссиясына жіберілді және қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Енді дөрекілік танытқан судья да тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

Тегтер: сот заң жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00