Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.03.2021, 13:12

1743

Қарағандыда «Қарағанды хабары» атты қалалық газет жарық көрді. Беташар санда  Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың ұлт мүддесі жолындағы еңбегі жайлы  тағылымдық мақала жарияланды. Газет ел мұратын көксеген тұлғаның «Халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген қанатты қағиданы ұран етіп алған. Қарағандылық кәсіпкердің демеушілігімен жарық көретін апталық басылымның алғашқы саны оқырманға тегін үлестірілді.

Газеттің басты ұстанымы-мемлекеттік тілдегі кеңістікті сапалы контентпен толықтыру. Әлбетте, ақпарат айдынында қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіндегі түйткілдер, ассимиляция, урбандалу үрдістері жайлы тақырыптарға қалам тербейміз. Жаңалықтар блогында қала тіршілігіне қатысты барлық ақпараттар қамтылады. Сондай-ақ, жақын арада  атқарушы билік пен қала тұрғындары арасында   «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында диалог орнатуды көздеп отырмыз.-деді, айтулы оқиғаға байланысты өткен баспасөз конференциясында сөз алған қалалық газеттің бас редакторы Ләззат Қожахмет.

Халықтың үнін тарататын ақпарат құралының көптігі артық етпейді. Қазақ тілінің көсегесі көгермей тұрған Қарағандыны қазақша сөйлету үшін ұзақ жыл керек. Жергілікті  қандастарымыздың  ана тілін ардақтауға деген сілкінісі  әлі марғау. Қош, бұл тілді дәріптейтін мамандардың жұмысы. Жазармандарды толғандыратыны, елдің баспасөзге бет бұруға ынтасы азайып барады. Бүгінде  кеншілер шаһарында мемлекеттік тілде шығатын небары 3-ақ газет бар. Оның бірі, облыстық мәребе алған «Орталық Қазақстан» газеті. Барға қанағат айтып, қазақшаға қалқан болсын дейміз.

Тегтер: басылым хат хабар кеншілер қала маман

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00